20 жылдық кездесу де өте шықты

Еліміздің түкпір-түкпірінде 25-мамыр күні "Соңғы қоңырау" сылдыры естіліп, мектеп түлектері қанат қақты. Сондай-ақ, бұл күні мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған түлектері де бас қосып, мерейтойлық шаралар өткізді. Солардың қатарында Қазығұрт ауданындағы Өнер Жамалов атындағы мектептің 1999 жылғы түлектері, 1982 жылы туған азаматтар да бар.


20 жылдық кездесуші түлектер - біз мектептің "Соңғы қоңырау" шарасына қатысып, ұстаздарымзға алғыс жолдап, істеріне табыс тілесек, ал жас түлектерге ақ жол тіледік. Алғашқы ұстазымыз бен мектеп бітірткен сынып жетекшісімізге арнайы алғыс хат тапсырып, марапаттадық. Алтын ұя мектебімізге қазақтың ұлттық киіз үйін сыйға тарттық.


Мұғалімге сыйлық пен гүл беру коррупция көрінісі деп тыйым салынғасын, арнайы алғыс хат жазып, ұстаздарымызға ілтипат білдірдік. Болады екен, былай.


Алғысхат тапсырдық
Мектебімізге киіз үй сыйладық. Ауданда өтетін Наурыз секілді мерекелерде киіз үй тігу мектептерге жүктеледі. Ал ол киіз үйді бір күнге жалдау пәленбай пұл. Ол дегенің мұғалімдердің қалтасына жүк болатын. Киіз үйіміз алғашқы қызметін биылғы Наурызда атқарған болатын. Сондай-ақ, тарих, өлкетану, еңбек, әдебиет секілді этнографияға қатысы бар пәндерде тамаша көрнекі құрал бола алады. Үшіншіден, ізімізді ұлтшыл ұрпақ бассын деген тілек еді. Енді мектебіміздің өз киіз үйі бар.


Мектепке киіз үй тапсырдық


Жас шәкірттерге сыйлық бердік
31 жыл алдын мектептегі алғаш отырған партаңа қайта отырған сәттегі сезім қандай десеңші. Ортадағы қатардың ең алдындағы парта еді. Сол кездегі парталар әлі ауыспаған, сол қалпында тұр. Тек сырланып, түсі ғана өзгерген. Талай қызықты еске салды.

31 жыл алдын. 1-ші сынып. 1988 жыл

31 жыл кейін. 20-жылдық кездесуде. 2019 жыл

Сыныптастар және ұстаздармен бірге
20 жылдан кейін өткен сабақ. Мектептегі алғашқы сабағымыз "Каникулда не тындырдым?" тақырыбында болса, екінші сабақ "Өзін-өзі тану" пәнінен "Мен кіммін?" тақырыбында жалғасты. Ең қызығы, Тірөм мен Қоян екілік алмады, Әшөн мен Қабақ сабақтан қашпады, ал Аян мен Жашөн темекі шегу үшін тирге зытпады.

Жұматаева қайта-қайта қол көтере берді.

Орнымыздан тұрып кәдімгідей сабақ айттық.

Сәбит не айтты екен, Ыхаш қатып қапты.

Біздің сыныптың "Диета" тобы
Парталасым. Айжамалмен бір партада неше жыл бірге отырдық. Ол менің, мен оның неше сырына қанықпыз. Оқушының қалыптасуында жақсы көршінің орны ерек болады емес пе? "Әйел затынан досың бар ма?" десе, осы қызды айтар ем. Студент шақта да көрші универде оқып, жатақханасы жақын болғасын араласып тұрып ек. "Мектеп вальсінің" де, басқа бидің де түбін түсірдік.




Парталасым Айжамалмен "Мектеп вальсіндеміз"
Кешкісін кездесу кешіміз керемет өтті. Барлығы ойдағыдай, әм өзіміз сызған сценариймен тамаш өтті. "Мектеп вальсі", түрлі ойындар, кластас қыздардың күйеубалдарына арналған төс тарту, естелік ролик көрсету секілді брнеше нөмірлеріміз кешті жандырды. Кеш соңында 20 жылдық эстафетаның 83-терге тапсырдық. Келесі жылы құдда қаласа 83-тер ауылында қонақта боламыз.



83-терге арналған эстафетаны салтанатты табыстадық.
Келесі екінші күні кездесуіміз жоспарға сәйкес табиғат аясындағы серуенге ұласты. Оңтүстіктегі Қаржантаудың ең көркем Қырыққыз сарқырамасына бардық. Бұл күні 82-лік туристерге гидтік қызметте болдым. "Сайрам-Өгем" ұлттық табиғи паркінің Келес орманшылығы аумағында серуендедік.










Бас аспаз - Әбілқасым болды. Оның қолынан әзірленген дімламаның дәмін айт. Ал шәшліктің құлағында әдеттегідей өзім ғой. Иісі бұрқырап, долананың шоғына піскен кәуәп деген демалыстың нағыз сәні емес пе?



Жәшөннің қарны ашып, тіке қазанға бас салған кез)))


Шашлық басында өзім)))

Бәрін айт та, бірін айт, қызық мыналардікі болды)))
Осылайша 20 жылдық кездесуіміз керемет есте қаларлықтай өтті. Ат салысқан жігіттер мен қыздерға мың алғыс!!!
