Келес даласындағы Темір қақпа қай жерде?
Еліміздің оңтүстігіне қатысты ортағасырлық әр түрлі деректерде «Темір қақпа» деп аталатын құпия мекен атауы кезігіп қалады. Бұл жердің «Темір қақпа» деп аталу себебі неде? Ол жер қайда орын тепкен? Қазір орны бар ма, бар болса қайдан табамыз? Осыншама сан сұраққа еліміздің бірнеше ғалымы жауап іздеп көргенімен, нақты жауабын таба алмаған.1-сурет. Келес өзеніндегі көпірАлдымен, жазба деректерге бір көз жүгіртіп өтсек. Х ғасырда өмір сүріп, арабша жазған парсы географы Ибн Хаукалдың «Китаб ал-масаллик уа-л-мамалик» («Жолдар мен мемлекеттер кітабы») атты еңбегінде Тәшкен оазисі туралы дерек айтылады. Дерек былай дейді: «Шаш пен Илак аймағына қатысты айтар болсақ, аймақтың ені екі күндік, ал ұзындығы үш күндік жол болады. Қорасан мен Мәуеренахрда алқалы мешіттердің көптігі және күш-қуаты мығы…
