Сұлулық мекені

Желменен ән қосып уілдей,
Жағада жайқалған тал, тоғай.
Бөгенсу – сұлудың түріндеу,
Жалт еткен сәтінде қалқатай.
Көрген жан таңдайын қағады,
Тау суын мөп-мөлдір, тұп-тұнық.
Кербез су сылдырай ағады,
Сұлулық мәнісін ұқтырып.
Көңілді шертіп бір тербеді,
Сезіммен ойнайды сылдыры.
Тоса тұр, сұлулық мекені,
Қайтадан келемін бір күні.




