Енді Sergek бейнекамералары құрылыс барысын да бақылайтын болды
Бұл, әсіресе, қазір су тасқынынан зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру жұмысын жеделдету үшін қажет болып тұр. Құрылыстың ашықтығы мен тиімділігін арттыру аясында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Sergek Group компаниясымен және алты облыстың әкімдіктерімен серіктестікте тұрғын үй құрылысын онлайн бақылаудың бірегей жүйесін іске қосты.Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарындағы құрылыс нысандарында 50 бейнекамера орнатылып, оның 30-ы іске қосылды. Бұл шара құрылыс жұмыстарының барысын тәулік бойы бақылауды мүмкін етіп, сондай-ақ азаматтарға gov.kz порталы арқылы онлайн-хабарламаларға тікелей қол жеткізуге мүмкіндік береді.«Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердегі тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыс…





