Перейти к содержимому
seri.jigit

seri.jigit

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

733

жазбалар

533

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

5

Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі Дун Цзюньге ілтипат білдіре отырып, оның тату көршілік, достық қатынастарды және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Президент қазақ-қытай байланыстары жоғары деңгейде екеніне, яғни арада мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік орнағанына назар аударды.Мемлекет басшысының пікірінше, көпжақты құрылымдар аясында Қазақстан мен Қытайдың өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелеріне қатысты көзқарастары ұқсас."Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес шеңберінде конструктивті диалог құрып, бір-бірімізге қолдау білдіріп келеміз. Сондай-ақ Қытайдың дүниежүзілік дамуға,…

0
0
264

Алматыда көлік жүргізушісінің қарсы жолмен кетіп бара жатқан видеосы тарады

Ол қос тұтас жолақты кесіп, қарсы жолмен бірталай жерді жүріп өтеді. Қасындағы жолаушының сөзіне қарағанда, көлік Алматыдағы Розыбакиев көшесінің бойында келе жатқан.

Ал алдында 92-автобус тұрғанына қарағанда, ереже бұзған көлік жүргізушісі Абай даңғылының қиылысына келіп, бағдаршамның қызыл түсіне тоқтайды.

"Құрметті ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Әбілекұлы, мына шектен шыққан адамға қатал шара қолданыңызшы. Біздің дереккөзіміздің хабарлауынша, оның Алматы қаласы Полиция департаментінде жақсы тамыр-таныстары бар көрінеді. Ноу-хау камералардың белгілі бір адамдарға келгенде істемей қалатынының тағы бір дәлелі.

Біреуді автокөлікпен қағып кетсе де камераларға түспейтін шығар", - деп жазады @egovpress.

0
0
274

Президент: «Халқымыздың ынтымағы мен жауапкершілігі осы кезде айқын көрінді»

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысы өтті.Президент еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, биылғы сессияны онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдаған болатын.Тоқаев жиында сөйлеген сөзінде де елдегі табиғат апаты жайына ерекше тоқталды.«Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан аумағының жартысын тасқын су басып қалды. Еліміздің мызғымас бірлігі осы қиын күндерде айқын көрінді. Құтқарушылар, волонтерлер, мемлекеттік қызметшілер, сарбаздар, тәртіп сақшылары, қоғам белсенділері, бизнес өкілдері және жастар – бәрі бірге жүр. Ортақ істен ешкім шет қалған жоқ. Бүкіл аймақта қоғамның барлық өкілдері бір кісідей жұмылды…

0
0
283

Петропавлда полиция подполковнигі өлі күйінде табылды

Ол жүгіру кезінде көз жұмған көрінеді.

undefined

Фото: t.me/CentralMediaNews

Әлеуметтік желіде СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі, подполковник Иван Гугняктың өлі күйінде табылғаны туралы ақпарат тарады. Онда офицердің аттестацияға дайындалу мақсатында жүгірумен айналысып жүргені жазылған.

Ал Гугняктың қайтыс болғанын растаған облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер жедел уәкілдің аттестациядан өтуге дайындалу үшін жүгіргені шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Өйткені оның лауазымы аттестациядан өткізілетіндердің тізімінде болмаған.  

0
0
328

"Юлия супер" делінген қыздың суреті желіде тарады

Әлеуметтік желіде тарап жатқан мына фотосуретті жұрт соныкі дейді.

undefined

"Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелді бүгін әлгі "Юлия супердің" сот залында болмайтынын хабарлады.

Оның қолы бос емес..." деп жазды Сырым Итқұлов.

Айта кетейік, Салтанат өлетін күні кешке Бишімбаевтың «Юлия супер» дегенмен телефонда хат жазысқаны кеше хабарланды.

0
0
706

Үкімет басшысы Атырау өңіріндегі су тасқыны жағдайын тексерді

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді. Олжас Бектенов облыс орталығындағы тұрғын үй алаптары бекіністерін тексеру барысында Атырау қаласының су тасқынының болжамды екінші толқынына дайындық жұмыстарымен танысты. Батыс өңірде Ресей Федерациясының Ириклин су қоймасынан судың келуіне байланысты, сондай-ақ Жайық өзеніне құйылар сағадағы ірі тасқын мен су деңгейінің көтерілуі салдарынан жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Бұрын хабарланғандай, Батыс Қазақстан облысындағы ірі су тасқынынан кейін ағын су өзен арнасымен Атырау облысына қарай жылжып, Каспий теңізіне құяды. Соңғы тәулікте БҚО тарапынан келетін судың әсерінен Атырау қа…

0
0
406

Тағы бір іске қатысты сот отырысы тікелей эфирде беріле бастады

Бұл - Алматыда автобус жүргізушісін ұрып, соның салдарынан үш адамның өліміне себепкер болған тұрғынға қатысты сот."ҚР Жоғарғы соты және сот әкімшілігі республика соттарының сот отырыстарын тікелей эфирде өткізу практикасын жалғастыруда.Алматы қаласында бұзақылық жасап, көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету ережелерін бұзып, абайсызда үш адамның өліміне әкеп соқтырғаны үшін айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтеді (ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігі, 351-бабының 3-бөлігі).Сот отырысына қоғамның қызығушылығын ескеріп, сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды", - делінген Жоғарғы сот хабарламасында.Естеріңізге салсақ, сотталушы А. 47-ші бағыттағы автобустың әйел жүргізушісін соққылаған еді. Соның салдарынан жүргізуші ә…

0
0
347

Бишімбаев көріпкелден Салтанаттың жағдайы жақсы деп жазуды сұраған

Бүгін Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысына Салтанат қайтыс болатын күні экс-шенеунік хабарласқан көріпкел әйел онлайн түрде қатысты. Көріпкел қазір өзіне қоқаң-лоққы жасалып жатқанын алға тартып, жабық түрде жауап алуды сұрады. Прокурор Айжан Аймағанова да сондай өтініш берді.Судья бұл өтінішті қанағаттандырмады. Бірақ ол көріпкелден оның жеке мәліметтерін жарияламай және түрін көрсетпей жауап алынсын деді.Сонымен, жұмбақ көріпкелдің айтуынша, Бишімбаев телефонмен хабарласқанда оның ішіп алғаны байқалған. Әйел бірден «Салтанатқа жедел жәрдем шақыр» депті. «Ол 9 қараша күні телефон соғып: «Салтанат екеуміз қатты мас болып, қырғын төбелестік» деді. Мен бұны шын қабылдаған жоқпын. Сағат 15:00 мен 16:00-де бірінші қоңырау соғылды. Мен оған жедел жәрдем шақыру керектігін айттым. Аспа…

0
0
271

Райымбек Баталов Бишімбаев ісі бойынша сотта келтірілген дерекке қатысты мәлімдеме жасады

Белгілі бизнесмен Райымбек Баталов әйелін өлтірді деген айыппен сотталып жатқан Қуандық Бишімбаевтың ұялы телефонындағы бір видеоға қатысты мәлімдеме жасады.Баталов мәлімдемесін видеоға түсіріп, Instagram-дағы парақшасына салған. Онда кәсіпкер жұртты мұндай өсек-аяңға сенбеуге шақырады.«Достар, соңғы уақытқа дейін Бишімбаевтың сотына қатысты пікір білдіргім келмеген еді. Бірақ атыма кір келтіретін небір лас әңгімелер мені осындай мәлімдеме жасауға мәжбүр етті. Сұмдық қылмыс жасады деп айыпталып отырған адамның аузынан шыққан маған қатысты сөздердің нағыз сандырақ екенін айтқым келеді. Бұл – барып тұрған жала. Сіздерді мұндай өтірікке сенбеуге, БАҚ өкілдері мен блогерлерді дәйексіз ақпаратты таратпауға шақырамын. Ал Салтанаттың әлгіндей қайғыға ұшыраған туыстары мен жақындарының қазір оның…