Перейти к содержимому
seri.jigit

seri.jigit

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

733

жазбалар

533

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

5

Футбол алаңы жаңартылып, пайдалануға берілді

Шымкентте «Ордабасы» футбол орталығының алаңы заманауи талапқа сай жаңартылды.Озық үлгіде қайта жабдықталған футбол алаңының салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан қала басшысы Ғабит Сыздықбеков пен Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов нысанның тұсауын кесіп, спортшыларға ізгі тілектерін жеткізді.Бұл туралы Шымкент әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.Игілікті іс федерация мен «Ордабасы» футбол клубы арасында нысандарды жаңарту мақсатында қолға алынған «Алаң» жобасы аясында қолға алынған. Бір айда атқарылған құрылыс барысында футбол алаңына италиялық үлгідегі газон төселіп, жаңа қақпалар орнатылды.Қала басшысы мегаполисте бұқаралық спортты қолдау бағытындағы жұмыстардың ауқымды жүргізіліп жатқанын, осындай шаралардың бұқаралық спортты дамытудағы рөлі зор екенін ата…

0
0
348

Шымкентте қуыршақ және жасөспірімдер театрына қолдау көрсетіледі

Шаһар басшысы театрды жабдықтау мәселесін шешуді тапсырды.Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков биыл 40 жылдығын атап өткен қуыршақ және жасөспірімдер театрына барып, оның жұмысымен танысты.Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлап отыр.Екі бағытта қызмет көрсететін мәдениет ошағында балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар қазақ, орыс тілдерінде ұсынылады. Өзіндік тарихы бар театрда қырық жылдың ішінде 500-ден астам қуыршақ жасалып, 160-тан астам қойылым қойылған. Жыл сайын 103 мың көрерменге 414 қойылым, 10 премьера көрсетіледі. Мұнда бүгінде 87 қызметкер жұмыс істейді, оның 38-і шығармашылық мамандары.Театр әртістері 40 жылдық мерейтойына орай «Шымкенттен шашу» атты гастрольдік сапары аясында 40 қалада өнер көрсетті. Шығармашылық ұжым VІ Халықаралық «Ортеке», Халықаралық…

0
0
365

Бірнеше шаһардың қолөнершілері Шымкентте тәжірибе алмасты

Шымкент, Тараз, Түркістан қалаларының қолөнершілері «Artisans of Shymkent» форумы аясында бас қосты.Оларға түрлі аймақтар мен ұлттардың мәдениеттері таныстырылды. Қолөнершілердің басын қосқан осы форумда өнер иелері өзара тәжірибе алмасып, жасаған бұйымдарын көрсетті. Жаңа дағдыларды меңгеруге және қолөнер қауымдастығы арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған іс-шараға 60-қа жуық қолөнерші қатысты.«Мен табиғи өнімдерден жұпар иісті балауыздар, әсемдік беретін әртүрлі қалыптар, әшекейлер жасаймын. Өзім қаржы маманы болсам да қолөнер саласы мені қатты қызықтырады. Бүгінгі форумда спикерлерден жақсы ақпараттар алып, өз өнімдерімізді таныстыруға келдік», — дейді қолөнер шебері Әсел Нұржанова.Форумда спикерлер: «Құрақ көрпе» құрақшылар қауымдастығының негізін қалаушы Нұргүл Әбдірасылова, Қа…

0
0
125

Үшінші мегаполисте медициналық мекемелер саны артып жатыр

Шымкентте инвесторлар есебінен емханалар салынуда. Осылайша шаһар халқы санының өсуіне байланысты жыл сайын медициналық ұйымдардың да саны артып келеді.Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, 2019-2022 жылдар аралығында қалада 12 жаңа емхана ашылған.Соңғы жылдары жеке инвесторлар есебінен халқы көп шоғырланған ықшамаудандар мен тұрғын алаптарда емханалар салынуда. Атап айтқанда биыл инвесторлар екі жаңа емхананың құрылысын аяқтап, ел игілігіне берді.Жаңаталап елді мекенінде қалалық №15 емдеу орталығы ашылса, Тоғыс тұрғын алабында ашылған жекеменшік «Togus-Med» медициналық орталығында 36 тұрғын жұмыспен қамтылды.Биыл тағы Шымкентте инвесторлар 2 жекеменшік емхананың құрылысын жүргізіп жатыр. Ынтымақ-2 ықшамауданында емханаға тартылған инвестиция есебінен емде…

0
0
116

Шымкенттік мамандар обыр ауруларына қатысты көкейтесті сұрақтарға жауап берді

Бұл үшін мамандар баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Аталған мәселе бойынша қарапайым тұрғындарға да түсініктеме берілді.Шымкент қалалық онкологиялық орталығында ұйқы безі, тері, сүт безі, өкпе обырларының алдын алуға бағытталған баспасөз мәслихаты өтті. Орталық дәрігерлері мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға жауапты мамандар обыр ауруларын емдеудің жаңа әдістері мен дерттің алдын алу жолдарын баяндады.Мақсат – ауруды бастапқы кезеңде анықтап, тез арада емдеу жұмыстарын атқару болып табылады. Халықтың өмір сүру жасын ұзарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған жиында обыр ауруларымен күрес шараларымен қатар тақырып аясындағы тұрғындардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берілді.Айта кетейік, орталықта профилактикалық мақсатта ұйымдастырылып жатқан кешенді ша…

0
0
127

Білім ошақтарындағы мәселелерді барынша реттеу ісі қолға алынбақ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 1950-60 жылдары салынған мектептердегі өзекті мәселелерді шешу жолдарын қарастырды.Шаһар басшысы алдымен мемлекеттік білім мекемелерін аралап, олардың бүгінгі жағдайымен танысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.Қаладағы № 67 негізгі орта мектептің ғимараты 1961 жылы салынған. Жалпы ауданы 752,3 шаршы метрді құрайды. Бүгінде мектепте 219 оқушы білім алуда. Асхана, акт залы қарастырылмаған. Білім ұясында 300 орындық жаңа мектеп салу қажеттілігі туындап отыр.Осындай мәселесі бар демесеңіз, бұл мектепте оқу, тәрбие жағы жақсы жолға қойылған. Оның басшылары осы білім ошағының жай ғана ұжым емес, педагогтар, оқушылар мен ата-аналардың өзара ынтымақтастығынан құралған ұжым екенін айтады. Осындай жақсы қарым-қатынас ұжымғ…

0
0
189

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету – кезек күттірмес шаруа

Шымкентте арнаулы әлеуметтік оңалту орталықтарындағы қызмет сапасын арттыру көзделуде.Қазіргі таңда қала бойынша 10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында балалар мен 18 жастан асқан 3000-ға жуық мүгедектігі бар азаматтар қызмет алуда. Тірек-қимылы жүйесі бұзылған және жүйке жүйелерінің ауруы салдарынан түрлі ауытқуы бар ерекше жандар үнемі мамандардың бақылауында. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Руслан Тұңғышбаев өзекті мәселелерді анықтап, қызмет сапасын жақсарту мақсатында бірқатар арнаулы әлеуметтік оңалту орталықтарын аралады.Сала басшылары алдымен №6 балалар арнаулы әлеуметт…

0
0
203

Шымкент әкімі қаладағы мектептердің жай-күйімен танысты

Үшінші мегаполистің білім ошақтарындағы мәселелер басты назарда.Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қ. Сыпатаев атындағы № 7 IT мектеп-лицейі мен Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған № 1 арнайы мектеп-интернаттың жай-күйімен танысты.Мектеп-лицейдің іргетасы 1963 жылы қаланған. Жалпы ауданы 6490.00 шаршы метрді құрайды. Қазіргі таңда 2 377 бала екі ауысымда білім алуда. Жобалық қуаты – 1 200 орын, оқу бөлмесі – 42. Екі спорт залы бар, 32 бейнебақылау камерасы орнатылған. Бүгінде күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленгенімен, өрт қауіпсіздігінің талаптарына сай келмеуіне байланысты мемлекеттік сараптамадан өтпей тұр.Негізі, бұл білім ошағы IT мектеп-лицейі статусына 2020 жылы ие болған. Бүгінде оның түлектері Қазақстанның, Қытайдың, Ресейдің жоғары оқу о…

0
0
187

Шымкентте жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

Су жаңа өрт сөндіру депосы соңғы үлгідегі заманауи техникалармен жабдықталған.Шымкент қаласындағы әкімшілік іскерлік орталығында ҚР Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов және қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен жаңадан салынған өрт сөндіру депосының ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.Салтанатты ашылу рәсімінде Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы құттықтау сөз сөйледі.«Сіздерді бүгінгі қызмет бабындағы жаңа қоныстарыңызбен құттықтаймын! Азаматтық қорғау саласы қызметкерлері үшін ең басты міндет – құтқару, көмектесу, қорғау, яғни өзгенің өміріне үлкен жауапкершілікпен қарап, оны қауіптен аман алып қалу. Бұл – жоғары әрі жауапты миссия. Құрметті бейбіт күннің батырлары! Сіздер өз қызметтік парыздарыңызды абыроймен атқар…

0
0
247

Шымкентте жыл басынан бері мыңнан астам адамға «қандас» мәртебесі берілді

Жыл басынан бері Шымкент қаласына шет мемлекеттерден 766 отбасы көшіп келген. Осы кезеңде 1196 этникалық қазақ «қандас» мәртебесін алды.Биыл «қандас» мәртебесін алғандардың 612-сі ер адам, 584-і әйел, 400-ге жуығы 18 жасқа дейінгі жастар, 93-і зейнеткер, 712-сі еңбекке қабілетті азаматтар.Жарты жылда шаһарда 47 отбасынан 62 адам «қандас» мәртебесін алған. Қандастардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасынан қоныс аударғандар. Биыл көрші елден 1166 адам көшіп келген. Сондай-ақ Қытайдан – 16, Ресейден – 8, Ауғанстан мен Түркиядан - 2, Қырғызстан мен Тәжікстаннан – 1 адамнан келген. Қандастардың басым бөлігі құрылыс, сауда-саттық және басқа да салаларда жалдамалы жұмыс істейді. «Еңбек мобильділігі» орталығы тарапынан 86 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған. Қалада 2008 жылдан…

0
0
303