Қарағанды облысында ер адам әйелге әдейі ВИЧ жұқтырып, оның өліміне себеп болған
Шахтинск (Қарағанды облысы) қалалық сотында адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) (ВИЧ) жұқтырғаны (ҚК 118-бабы 2-бөлігі) бойынша айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.Онда мына жайттар анықталды:2015 жылы ер адамға АИТВ жұқтырған деген диагноз қойылған. Емдеуден жалтарып, басқаларды жұқтырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны, сондай-ақ сақтық шараларын сақтау қажеттігі туралы оған ескертілген.Ол 2016-2023 жылдар аралығында ауруын ескертпестен бір әйелмен бірге тұрған. Нәтижесінде ол жәбірленушіге АИТВ инфекциясын жұқтырған, соның салдарынан әйел адам қайтыс болған.Сотталушының кінәсі сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен расталды, оған сәйкес жәбірленушінің өліміне екіншілік аурулардың дамуымен АИТВ-инфекциясы және басқа да іс материалдары себеп болған.Сотт…



