Перейти к содержимому
syrym.nurotan.kz

Сырым аудандық филиалы

@syrym.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 22 қыркүйекКазахстан

"AMANAT" партиясы Сырым аудандық филиалының Facebook, Instagram парақшасына тіркеле кетіңіз!!! https://www.facebook.com/amanatsyrym/ https://www.instagram.com/amanat_syrym/?hl=ru

рейтинг

250

жазбалар

459

пікірлер

0

тіркелуші

12

жазылымдар

12

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бастады

"Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз"!

2020 жылдың 10 желтоқсан күні сағат 18.00-ден бастап "Nur otan" партиясы Сырым аудандық филиалының белсенді жастары сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті.

#"Nur Otan" #Biz Birgemiz

«Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының сайлауалды штабының алғашқы отырысы өтті.

«Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының сайлауалды штабының алғашқы отырысы өтті.«Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының мәжіліс залында сайлауалды штабы ашылып, штаб төрағасы Т.Даргужиевтың төрағалығымен бірінші отырысы өтті. Штаб құрамына қоғамдық пікір көшбасшылары, партия белсенділері мен партиялық тізімге енген кандидаттар қатарынан 36 адам кірді.- Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыра отырып, біз көпшіліктің мәселесін тыңдап қана қоймай, оларды шешуіміз керек. Нақты әлеуметтік топтар – зейнеткерлер, жұмысшылар, аграршылар, мұғалімдер және дәрігерлермен кездесеміз. Оларды толғандырған мәселелерді жан-жақты талқылап, сайлауалды бағдарламада көрсетілген мәселелердің нақты шешімін әрбір сайлаушыға қарапайым әрі түсінік…

0
0
109

"Кедергісіз келешек" жобасы аясында аудандық фракция мүшесі А.Ниязғалиева кездесу өткізді.

"Аудандағы білімнің қол жетімділігі мен сапасы" тақырыбы бойынша "Nur Otan" партиясының "Кедергісіз келешек" жобасы аясында аудандық фракция мүшесі А.Ниязғалиева кездесу өткізді.

0
0
110

"Елбасы және Тәуелсіздік" тақырыбында жастардың онлайн-кездесуі өтті.

«Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалында LECTORIUM жобасы ҚР тәуелсіздігінің бастауында тұрған партия және еңбек ардагерлерімен "Елбасы және Тәуелсіздік" тақырыбында жастардың онлайн-кездесуі өтті.

0
0
100

Мен өз халқымды 30 жылдан кейін қандай болады деп ойлаймын?

Сондай-ақ көп ұлтты қазақ елі өзге мемлекеттермен қай жағынан болмасын терезесі тең, дәрежесі жоғары мемлекет болатынына сенемін. Біздің балаларымыз білігі жоғары жұмысшылар, инженерлер, мұғалімдер, дәрігерлер болады. Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналады.

Ел болашағы- жастар. Біз келешекте Қазақстанның көркейіп дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосылуына атсалысамыз. Бұл мақсатқа жететініміз де ақиқат. Абай атамыз айтқандай «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар, қалан» деп еліміздің үмітін ақтап, дүниеге бір кірпіш болып қалануымыз керек. Табандылық пен сабыр табысымыздың кілті.

0
0
230

Мен елімді 30 жылдан кейін қалай елестетемін

«Мен өзіме 30 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елес­тетемін?» деп ой толғайды Елбасы осы баяғдарламаның «Қазақстан мұраты» бөлімінде. – Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, ке­мелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер- жетеді. Олар бабаларының дәс­түрін сақтай отырып, қазіргі за­манғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады». Қазақстан жолының анық та қарапайым анықтамасы осы абзацта тұр. Бабалар ғұрпын ұстанып, бірақ ескішілдікке ұрынбай, жаңашылдыққа ұмтылу арқылы мемлекетіміз межелі мұратқа үлкен сеніммен жылжып барады.

0
0
433

Өлеңті ауылындағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар тұратын жатақханада болды

8 желтоқсан күні "Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссисының төрайымы Ш.Дүйсенғалиева мен комиссия мүшелері, сондай-ақ аудандық әйелдер кеңесінің мүшелері Өлеңті ауылындағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар тұратын жатақханада болып, тұрғындармен кездесіп, кездесу барысында көтерілген мәселелерді талқылап, тұрғындар тарапынан болған ұсыныстардың ескерусіз қалмайтындығын айтты. Комиссия мүшелері тұрғындар тарапынан жатақхананың тазалығын сақтап, тәртіп мәселесіне жауапкершілікпен қарау керектігін ескертті.

Партия мүшелерінің арасында этикалық кодексті сақтау әдебі бойынша жиналыстар өткізілді

"Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалының бастауыш партия ұйымдарында партия мүшелерінің арасында этикалық кодексті сақтау әдебі бойынша жиналыстар өткізілді. Әдеп кодексі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл бағдарламасы аясында партия мүшелерінің жүріс - тұрыс эталондарын бекіту мақсатында қабылданғаны белгілі. Этикалық кодексті сақтау бұл - үлкен жауапкершілікті жүктейді.

0
0
129

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

4 желтоқсан күні "Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиал жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста "Нұрлы жол", "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламаның ауданда орындалу барысы туралы қаралып, коғамдық кеңестін 2021 жылға жұмыс жоспары бекітілді.

0
0
102

Партиялық бақылау тобы аудан орталығында орналасқан дәріханаларға мониторинг жұмыстарын жүргізді.

4 желтоқсан күні "Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау тобы аудан орталығында орналасқан дәріханаларға мониторинг жұмыстарын жүргізді. Күнделікті қажет етілетін дәрі - дәрмектердің қоры жеткілікті, бағалары да тұрақты. Бұл бақылау жұмыстары жоспарға сәйкес партия тарапынан алдағы уақытта да жүргізілетін болады.

0
0
118