Мен өз халқымды 30 жылдан кейін қандай болады деп ойлаймын?
Сондай-ақ көп ұлтты қазақ елі өзге мемлекеттермен қай жағынан болмасын терезесі тең, дәрежесі жоғары мемлекет болатынына сенемін. Біздің балаларымыз білігі жоғары жұмысшылар, инженерлер, мұғалімдер, дәрігерлер болады. Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналады.
Ел болашағы- жастар. Біз келешекте Қазақстанның көркейіп дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосылуына атсалысамыз. Бұл мақсатқа жететініміз де ақиқат. Абай атамыз айтқандай «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар, қалан» деп еліміздің үмітін ақтап, дүниеге бір кірпіш болып қалануымыз керек. Табандылық пен сабыр табысымыздың кілті.
