Мен елімді 30 жылдан кейін қалай елестетемін
«Мен өзіме 30 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетемін?» деп ой толғайды Елбасы осы баяғдарламаның «Қазақстан мұраты» бөлімінде. – Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер- жетеді. Олар бабаларының дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады». Қазақстан жолының анық та қарапайым анықтамасы осы абзацта тұр. Бабалар ғұрпын ұстанып, бірақ ескішілдікке ұрынбай, жаңашылдыққа ұмтылу арқылы мемлекетіміз межелі мұратқа үлкен сеніммен жылжып барады.
