Өлеңті ауылындағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар тұратын жатақханада болды
8 желтоқсан күні "Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссисының төрайымы Ш.Дүйсенғалиева мен комиссия мүшелері, сондай-ақ аудандық әйелдер кеңесінің мүшелері Өлеңті ауылындағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар тұратын жатақханада болып, тұрғындармен кездесіп, кездесу барысында көтерілген мәселелерді талқылап, тұрғындар тарапынан болған ұсыныстардың ескерусіз қалмайтындығын айтты. Комиссия мүшелері тұрғындар тарапынан жатақхананың тазалығын сақтап, тәртіп мәселесіне жауапкершілікпен қарау керектігін ескертті.
