Перейти к содержимому
syrym.nurotan.kz

Сырым аудандық филиалы

@syrym.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 22 қыркүйекКазахстан

"AMANAT" партиясы Сырым аудандық филиалының Facebook, Instagram парақшасына тіркеле кетіңіз!!! https://www.facebook.com/amanatsyrym/ https://www.instagram.com/amanat_syrym/?hl=ru

рейтинг

250

жазбалар

459

пікірлер

0

тіркелуші

12

жазылымдар

12

Бүгін аудандық қоғамдық штабтың ашылуы болып, өз жұмысын ресми түрде бастады

Штабтың ашылуында аудандық қоғамдық штабтың жетекшісі Т.Даргужиев сөз сөйлеп, штаб жұмысына сәттілік тіледі.

Баршамызға белгілі 21 қазан күні сағат 18:00-де сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі басталды. Барлық ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық мәселелер шешілді, белсенділер мен сенімді тұлғалар топтары дайындалды.

Қоғамдық штаб ашылуына штаб өкілдері және "Ақжол" партиясының өкілі қатысты.

#Toqaev2022

0
0
234

Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб үгіт-насихат науқанын бастады

Республикалық қоғамдық штабқа 3 парламенттік саяси партиядан және 22 республикалық қоғамдық ұйымдардан тұратын Халықтық коалицияның өкілдері кірді.

Бүгін Халықтық коалицияның белсенділері еліміздің барлық өңірінде үгіт-насихат баспа өнімдерін тарату және ақпараттық материалдарды БАҚ пен әлеуметтік желілерге жариялауды бастады.

Ертең Республикалық қоғамдық штабтың алғашқы отырысы өтеді. Сонымен қатар, келесі аптадан бастап РҚШ мүшелері сайлаушылармен кездесу үшін аймақтарға барады.

📷Сондай-ақ, кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб әлеуметтік желілерде жеке парақшалар ашты. Онда штабтың іс-шаралары, сайлаушылармен кездесулер туралы барлық ақпарат және өзге де үгіт-насихат материалдары жарияланады.

#toqaev2022

0
0
230

Жолдауды түсіндіру тобы аудан жастарымен кездесті

Бүгін Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 1 қыркүйегі күнгі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты атты Жолдауын түсіндіру жөніндегі ақпараттық топ мүшелері Сырым аудандық ішкі саясат бөлімінің жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы қызметкерлерімен, аудан жэастарымен кездесті. Кездесу барысында ақпараттық топ мүшесі, аудандық мәслихат депутаты А.М.Ойшыбаева Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздегі жүргізіліп отырған Конституциялық реформаның негізгі бағыты – саяси-әлеуметтік жүйені жаңғырту арқылы әділетті Қазақстанды құру екендігін айтып, Жолдаудың бірінші бағдары «Жаңа экономикалық саясат» сияқты басым бағыттарға тоқталып өтті. Сонымен қатар аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Е.Тайшиев Жолдауда мемлекетіміздің дамуына жастарғ…

0
0
154

Ақпараттық түсіндіру тобының жұмысы жалғасуда

Мемлекет басшысының халыққа арнаған жолдауындағы ұсынған елімізді одан әрі дамыту үшін негіз болатын бес бағдардың бірі «Ел болашағына стратегиялық инвестициялар» атты бағытына тоқталып, Жолдаудың үшінші бағдары денсаулық сақтау мен білім беру мәселелеріне бағытталғанын, және аталған бағыттағы реформалардың жүзеге асыруда үлкен істер атқарылуы қажет екенін айтты партия филиалының атқарушы хатшысы.

Жиынға қатысушылар Жолдауда көрсетілген«Ел болашағына стратегиялық инвестициялар» бағдары бойынша өз пікірлерін бiлдiрiп, айтылған әр мiндеттiң ел болашағы үшін маңызы ерекше екеніне тоқталды.

0
0
142

«Бастауыш партия ұйымдарына әдістемелік көмек»

Тренинг барыснда партиялық жобаларды жүзеге асыру жолында бастауыш ұйымдарының рөлі туралы айтылып, БПҰ төрағалары тарапынан ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.

"Еліміздегі барлық аудан, қалада, ауылдарда өкілдіктері бар жалғыз саяси күш – «AMANAT». Партияның іргетасы, басты күші – бастауыш партия ұйымдары. Біздің Бас­тауыш партия ұйымдары тарапынан азаматтық қоғамды дамыту, ауданның әлеуетін көтеру бағытында жұмыс атқарылып келеді. Партиялық тетіктер арқылы же­місті жұмыстар әлі де жалғасын тауып келеді. Ол сіздердің де арқаларыңыз", - деді партия филиалының атқарушы хатшысы Т.Даргужиев жиын барысында.

Айта кету керек, ауданда мыңнан астам партия мүшесін бір арнаға тоғыстырған 17 бастауыш партия ұйымы бар.

0
0
165

Білім беру ұйымдары қызметкерлерімен кездесу

Т.Даргужиев қазіргі таңда білім және ғылым жүйесінің алдында жаңа мақсаттар мен міндеттер тұрғандығы және оларды шешу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірқатар стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға негізделгенін, білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы әзірлендігін айтып, бұл «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам», «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Қазақстан халқына арналған Жолдауда берілген тапсырмалар толығымен ескерілгендігі жөнінде кеңінен тоқталып өтті.

Президент өз Жолдауында да Білім беру саласы ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқарады деп айтқан болатын,- деді партия филиалының атқарушы хатшысы Т.Даргужиев

0
0
194

«Қариясы бар ел-қазыналы ел»

Аудандық кітапхана мен Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Қариясы бар ел-қазыналы ел» атты қайырылмдылық айына арналған еңбек ардагерлерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында аға буын өкілдері еңбек жолы мен өмір жолына қатысты сұрақтарға қуана жауап беріп, өздерінің көп жылдық жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Үздік дәстүр сабақтастығы іс-шараның арқауы болды. Ұйымдастырушылар еңбек ардагерлері мен зейнеткерлерге тәлімгерліктері үшін алғысын айтты

0
0
204

"Құдіретті қалам иесі"

Қазақ әдебиетінің классигі, ХХғ сөз өнерінің, көркем прозасының асқар биігі. Теңдесі жоқ суреткер жазушы, драматург, әдеби зеріттеуші - М.Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай, ұлағатты ұстаздың шығармашылығын насихаттау мақсатында "Құдіретті қалам иесі" тақырыбында әдеби кеш оздырылды.

0
0
224

Мекеме қызметкерлері арасында шағын футбол

Биыл төтенше жағдайларға қарсы қызметінің құрылғанына 27 жыл. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылған болатын. Осының негізінде 19 қазан Құтқарушылар күні болып белгіленді. Турнирге мекеме қызметкерлерінен құралған командарлар қатысып, нәтижесінде "Қайсар" спорт клубы командасы жеңімпаз атанды

0
0
138

Ақпараттық түсіндіру тобының жұмысы жалғасуда

Бүгін аудан орталығы Жымпиты ауылында «AMANAT» партиясы Сырым аудандық филиалының атқарушы хатшысы, «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезіне Батыс Қазақстан облысы атынан делегация құрамында қатысушы Т.Даргужиев аудандық мәдени-демалыс орталығы орталығы қызметкерлерімен кездесіп, 6 қазан күні Астана қаласында өткен «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезі мен Халықтық коалиция форумының қорытындысы бойынша ой бөлісіп, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қоғамдық саяси күштердің Халықтың коалициясының Президенттікке кандидат ретінде ұсынылуы Мемлекет басшысының және оның жүргізіп жатырған кең көлемдегі әлеуметтік саяси реформаларының халық тарапынан қолдауға ие екендігінің бірден бір дәлелі болатындығын айтып өтті.Сонымен қатар кездесу барысында Т.М.Даргужиев Мемлекет басшысының халы…

0
0
161