Ақпараттық түсіндіру тобының жұмысы жалғасуда
Мемлекет басшысының халыққа арнаған жолдауындағы ұсынған елімізді одан әрі дамыту үшін негіз болатын бес бағдардың бірі «Ел болашағына стратегиялық инвестициялар» атты бағытына тоқталып, Жолдаудың үшінші бағдары денсаулық сақтау мен білім беру мәселелеріне бағытталғанын, және аталған бағыттағы реформалардың жүзеге асыруда үлкен істер атқарылуы қажет екенін айтты партия филиалының атқарушы хатшысы.
Жиынға қатысушылар Жолдауда көрсетілген«Ел болашағына стратегиялық инвестициялар» бағдары бойынша өз пікірлерін бiлдiрiп, айтылған әр мiндеттiң ел болашағы үшін маңызы ерекше екеніне тоқталды.

