Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жолдауды түсіндіру тобы аудан жастарымен кездесті

Бүгін Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 1 қыркүйегі күнгі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты атты Жолдауын түсіндіру жөніндегі ақпараттық топ мүшелері Сырым аудандық ішкі саясат бөлімінің жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы қызметкерлерімен, аудан жэастарымен кездесті. Кездесу барысында ақпараттық топ мүшесі, аудандық мәслихат депутаты А.М.Ойшыбаева Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздегі жүргізіліп отырған Конституциялық реформаның негізгі бағыты – саяси-әлеуметтік жүйені жаңғырту арқылы әділетті Қазақстанды құру екендігін айтып, Жолдаудың бірінші бағдары «Жаңа экономикалық саясат» сияқты басым бағыттарға тоқталып өтті. Сонымен қатар аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Е.Тайшиев Жолдауда мемлекетіміздің дамуына жастарға жан-жақты қолдау көрсету, 100 мың жасты жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету, жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие берілетіні жөнінде нақты атап көрсетілгендігін сөз етті. Айнагүл Мағауияқызы жастармен кездесуде отбасы құндылықтары, зиянды әдеттерден аулақ болу, қоғаммен етене байланыс тақырыптарында кеңесін айтып, өзінің кәсіби, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Кездесу еркін, сұрақ-жауап форматында өтті. Жоғары оқу орнын енді тәмамдаған жас мамандар да Жолдауға ерекше қызығушылық танытты. Өз кезегінде аудан жастары сөз алып, өз пікірлері мен ұсыныстарын айтты. Аудандық аурухана қызметкері, жас маман Р.Бержанов шалғай ауылдардағы медицина саласындағы кадрлардың тапшылығы мен амбулаториялардың жоқтығын алға тартты. Ал, "Қайсар" спорт клубының жаттықтырушысы Ә.Нығмет аудандағы ЖОО бітіріп келген жас мамандардың тәжірибесі жайлы айтып өтті. Шара барысында басқа да жастар өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, толғандырған сауалдарына жауап алды. #AMANAT

0
0
155

Осы тақырып бойынша

Жолдауды түсіндіру тобы аудан жастарымен кездесті - Yvision.kz