Ақпараттық түсіндіру тобы Жолдау бағыттарын түсіндіруде
Жиынға аудан жастары қатысып, Жолдауда айтылған басым бағыттар, соның ішінде "Жаңа экономикалық саясат" бағдары талқыланып, жаңа Жолдау барша азаматтарға айрықша жауапкершілік пен үлкен міндеттер жүктеп отырғаны туралы ой қозғалды. Жиынға қатысушылар Жолдауда көрсетілген бағдарлар бойынша өз пікірлерін бiлдiрiп, "Сырым жастары" ЖҚБ төрағасы Қ.Я.Халит айтылған әр мiндеттiң ел болашағы үшін маңызы ерекше екеніне тоқталып, Жолдаудағы 100 мың жасты жұмыспен қамтып қана қоймай, жаңадан кәсібін бастаймын деген жастарға 2.5% несиенің берілетіні туралы қуантарлық жаңалықты ерекше атап өтті.
Кездесу соңында жастар Мемлекет басшысының әлеуметтік-экономикалық бастамаларына қолдау білдіріп, оларды барынша жүзеге асыруға ынталы екендіктерін жеткізді.






