Ақпараттық түсіндіру тобының жұмысы жалғасуда
Бүгін аудан орталығы Жымпиты ауылында «AMANAT» партиясы Сырым аудандық филиалының атқарушы хатшысы, «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезіне Батыс Қазақстан облысы атынан делегация құрамында қатысушы Т.Даргужиев аудандық мәдени-демалыс орталығы орталығы қызметкерлерімен кездесіп, 6 қазан күні Астана қаласында өткен «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезі мен Халықтық коалиция форумының қорытындысы бойынша ой бөлісіп, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қоғамдық саяси күштердің Халықтың коалициясының Президенттікке кандидат ретінде ұсынылуы Мемлекет басшысының және оның жүргізіп жатырған кең көлемдегі әлеуметтік саяси реформаларының халық тарапынан қолдауға ие екендігінің бірден бір дәлелі болатындығын айтып өтті.
Сонымен қатар кездесу барысында Т.М.Даргужиев Мемлекет басшысының халыққа арнаған жолдауындағы ұсынған елімізді одан әрі дамыту үшін негіз болатын бес бағдардың бірі «Жаңа экономикалық саясат» атты бірінші бағытқа тоқталып, Жолдаудың бірінші бағдарыэкономика мен кәсіпкерлік саласындағы мәселелерге бағытталғанын атап өтті.
Жиынға қатысушылар Жолдауда көрсетілген «Жаңа экономикалық саясат» бағдары бойынша өз пікірлерін бiлдiрiп, айтылған әр мiндеттiң ел болашағы үшін маңызы ерекше екеніне тоқталды.

