Әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңес
Отырысқа шақырылған мекеме басшылары және партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Т.М.Даргужиев қатысты. А.К.Ниязгалиева төрайымдық ететін кеңес отырысының күн тәртібінде
1) Ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін кедергісіз қолжетімділік жасау мақсатында Әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу жұмыстары туралы Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есебін тыңдау.
2) «AMANAT» партиясының Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасының Ардагерлерді, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды, ерекше қажеттілігі бар адамдарды қолдауға бағытталған жобаларды іске асыру арқылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру көрсеткіші бойынша Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін тыңдау.
3) «AMANAT» партиясының Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасындағы шебер, зерттеуші, сарапшы және модератор деңгейі бар педагог кадрлардың үлесін арттыру көрсеткіші бойынша Сырым аудандық білім беру бөлімін тыңдау мәселелері болды. Күн тәртібіндегі аталған мәселелер бойынша баяндамалары тыңдалды. Отырыс барысында қойылған сұрақтардын негізінде қаулы қабылданып, ұсыныстар беріледі.



#𝔸𝕄𝔸ℕ𝔸𝕋𝕊𝕪𝕣𝕪𝕞
