Фракция отырысы өтті
Отырыстың күн тәртібінде "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" атты "AMANAT" партиясының 2021-2025 жылдарға арналған Сырым ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасының орындалуы жөнінде аудан әкімі Т.С.Төреғалиевтің баяндамасы, сонымен қатар "Қайтадан жасақталған партия филиалы жанындағы қоғамдық кеңестердің жұмысы туралы" және "AMANAT" партиясының Сырым аудандық маслихатындағы депутаттарының рейтингісі туралы" аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі Т.М.Даргужиевтің хабарламасы тыңдалды. Партияның Сырым ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша Жол картасы шеңберінде орындалған іс-шаралар айтылып, орындалмау қаупі бар жобалар талқыланды. Жалпы Жол картасындағы Сырым ауданы бойынша 2021-2025 жылдар аралыңында 92 көрсеткіш белгіленген. Осы көрсеткіштер аясында 2021 жылға 77 шара жоспарланып, жылдың қорытындысында 71 шара орындалып 91,7% құрап отыр. 2021 жылы орындалмаған (қаржыға байланысты) 6 шара бойынша алдағы уақытта жұмыстану керектігі айтылды. Фракция отырысының қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасарларына, тиісті бөлімдер мен мекеме басшыларына арнайы хаттамалық тапсырмалар беріліп, шешім қабылданды. Аудан әкімі, филиал төрағасы Т.Төреғалиев қорытынды сөзінде: - Біз, алдымызға халықтың сенімін ақтау міндетін қоямыз, біз ауданның әрбір тұрғынының жайлы да, бақуатты өмір сүруін жүзеге асыру үшін, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуы үшін бірлесе мақсатты жұмыс жасауымыз керек - деді.

