Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесі

«AMANAT» партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесінің 2022 жылға арналған жоспарына сәйкес бүгін 14 маусым Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа шақырылған мекеме басшылары және партияның аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Т.М.Даргужиев қатысты. А.М.Ойшыбаева төрайымдық ететін кеңес отырысының күн тәртібінде

1. Сырым аудандық білім беру бөліміне қарасты «Балдырған» балабақшасындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес, оны болдырмау және алдын алу бойынша атқарылған шаралар туралы

2. «AMANAT» партиясының Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің түлектерін 2025 жылға қарай кадрларды даярлау сапасын арттыру және дуальды білім беру қағидаттарын енгізу (оқу процесін практикалық жұмыспен үйлестіру) есебінен 65%-ға дейін жұмысқа орналастыру туралы «Сырым колледжі» МКҚК тыңдау мәселелері болды. Күн тәртібіндегі аталған мәселелер бойынша баяндамалары тыңдалды. Отырыс барысында қойылған сұрақтардын негізінде қаулы қабылданып, ұсыныстар берілді.

0
0
235

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесі - Yvision.kz