БАҚ қызметкерлері күні
Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында Партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Талғат Даргужиев ауданымыздағы "төртінші билік" өкілдерін «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Мұқаевтың алғыс хатымен марапаттады.
Құрметті байланыс және ақпарат қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтаймыз! Қазіргі заманды ақпаратсыз елестету өте қиын, сондықтан да біз телеарналар мен радио, мерзімді баспасөз басылымдарының қызметкерлерін, жалпы алғанда, біздің әлемімізді ақпаратпен байытып отырған барлық БАҚ-ның өкілдерін құрмет тұтамыз.
Нәтижелі жұмыс, жоғары деңгейдегі кәсібилік пен өз істеріңізге адалдық үшін рахмет айтамыз! Шығармашалық жобалар мен жаңа бастамаларыңыз сәтті жүзеге асуын, қанатты шабыт тілейміз! Отбасыларыңызға бақ-дәулет пен денсаулық тілейміз!


