Мазмұнға өту
usergoogle106130794574359253877

Gold Press

@usergoogle106130794574359253877

Сайтта 2022 ж. 15 наурыз

Блог в котором не молчат. Самые актуальные темы Казахстана.

рейтинг

250

жазбалар

670

пікірлер

5

тіркелуші

9

жазылымдар

0

Зейнеткерді қағып, кетіп қалған: күдікті Алматы облысында ұсталды

21 тамызда сағат 19:36 шамасында Жамбыл аудандық ПБ-ға Таран ауылына кіреберісте белгісіз көлік велосипед мінген адамды басып, оқиға орнынан қашып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Жол апаты салдарынан 81 жастағы ер адам Жамбыл ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілген.

Кейін әлеуметтік желілерде жол-көлік оқиғасы болған жерден кадрлар тарады. Іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ЗАЗ Chance автокөлігін тізгіндеген Қарасай ауданының 61 жастағы тұрғынын анықтады.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат қамауға алынған. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Жүргізушінің мас болу дәрежесін анықтау үшін химика-токсикологиялық сараптама тағайындалған. Тағайындалған сараптамалық зерттеулер нәтижесі бойынша ЖКО материалдары негізінде түпкілікті шешім қабылданады.

0
0
257

Алматыда екі ауруханаға «мина қойылды» деген хабар түсті

Жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар қаладағы екі ауруханаға келіп түскен. Жедел қызметтер науқастар мен қызметкерлерді эвакуациялады, көліктер қауіпсіз қашықтыққа шығарылған.«Қазіргі уақытта қаланың жедел және төтенше қызметтері Алматы аумағындағы екі медицина мекемесінде ақпаратты тексеріп жатыр. Осындай хабарламаларға қатысты алғашқы кешенді шаралар жүргізіліп жатыр, оның ішінде адамдарды эвакуациялау да бар. Оқиға орнында сапер бөлімшелері жұмыс істеп жатыр», - деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.Кейін полиция өкілдері тексеру қорытындысы бойынша «бомба қойылғаны» туралы ақпарат жалған болып шыққанын айтты.«ПД Жедел бақылау орталығы мәліметінше, таңғы сағат 10:57-де екі нысанда жұмыстар тоқталды. Ақпарат жалған болып шықты, жарылғыш құрылғылар табылмады. Меди…

0
0
245

ШҚО-дағы арнайы операция: 65 миллион теңгенің есірткісін тәркіледі

Нәтижесінде 3,5 мың бір реттік дозаға тең салмағы 1 келіге жуық синтетикалық есірткінің аса ірі партиясын Өскемен қаласына әкелмек болған 35 жастағы алматылық ұсталды.Ұстау барысында автокөлікте онымен бірге жұбайы да отырған. Қаскөй күдікке ілінбес үшін әйелін әдейі жолға алғаны мәлім болды. Біраз уақыттан соң қылмыстық топтың екінші қатысушысы да қолға түсті. Ұсталған 29 жастағы ер адамнан 2 мың дозаға тең 600 грамм синтетикалық есірткі тәркіленген. Тінту барысында одан құрамында 0,5 келіден аса альфа-PVP психотроптық сұйықтығы бар 5 пластикалық ыдыс тәркіленген.«Қабылданған шаралар нәтижесінде, облыс орталығында шамамен мөлшері 8 мың бір реттік есірткі дозасын жеткізудің арнасы жойылды, оның "қара нарықтағы" құны шамамен 65 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта күдіктілердің үшеуі де…

0
0
282

Щучинскідегі ойын алаңында кәмелетке толмаған бала ауыр жарақат алды

Оқиға 17 тамызында Щучинск қаласындағы футбол алаңдарының бірінде болған. Сағат 17:00 шамасында жергілікті полиция бөліміне 9 жастағы бала қоршаудан шығып тұрған темірге басын жаралап алғаны туралы хабарлама келіп түскен.«Дерекке қатысты құқық қорғау органдары ҚР ҚК-нің 278-бабы 1-бөлігі («Сапасыз құрылыс») бойынша соталды тергеуді бастады. Тергеу аясында балалар алаңының құрылысшысы анықталды, сондай-ақ нысан «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ балансында тұрғандығы белгілі болды. Қазіргі уақытта бірқатар сот-сараптамасы тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр», - делінген хабарламда.Темір баланың басына кіріп кеткен. Оны облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері аман алып қалған. Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше,…

0
1
604

Павлодар облысында қоғамдық бірлестіктер басшысы қаржы жымқырғаны үшін сотталды

«Тергеу барысында «Новая жизнь 2030» және «Жүрек жылуы» қоғамдық бірлестіктерінің 2019-2022 жылдар аралығында Екібастұз қаласының әкімдігімен ымдау тілі маманының қызметін көрсету бойынша жалған мәмілелер жасағаны анықталды. Алайда нақты қызмет көрсетілмеген. Бұл үшін бюджеттен бөлінгеннен әлдеқайда аз жалақы алатын бөгде мамандар тартылды. Мемлекетке 10 миллион теңгеге жуық шығын келген», - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, сот қоғамдық бірлестіктер басшысын 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кескен.

0
0
222

Алматыда қарт анасын ұрып-соққан ер адамға қатысты сот үкімі шықты

«Сот барысында сотталушы Александр Смирнов анасын қалай ұрғаны есінде жоқ екенін, енді мұндай жағдай қайталанбайтынын айтып, кешірім сұрады. Алайда егде жастағы әйел баласын кешірмейтінін айтты. Сот үкімімен Александр Владимирович Смирнов баптың 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107 бабы бойынша 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленсін», - деді Алатау аудандық сотының судьясы Гүлзат Шардарбекова.Еске салайық, мамырда көшеде ер адамның егде әйелді аяусыз соққыға жыққан видеосы Қазнетті елең еткізді. Кейін белгілі болғандай, 74 жастағы анаға шабуыл жасаған ұлы. Оған әйелімен жанжал себеп болған. Кейін ер адам соталды тергеп-тексеруге дейін қама…

0
0
288

Абай облысында 9 жастағы қызды зорлады деген күдікті анықталды

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, жәбірленуші 9 жаста. Аzattyq Ruhy басылымына жәбірленушінің анасы 48 жастағы көршісі кішкентай қызын қорлағанын айтқан. Қазір қызға медициналық көмек қажет, себебі ағзасы қатты зақымданған.

«Сараптама әлі дайын емес, бірақ сот-медициналық сараптама қаралды. Қасында өзім болдым. Оның туысының полицияда жүргені қорқынышты», - деді анасы.

Соталды тергеу барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120 және 121-бабының 4-бөлігінде көзделген іс-әрекеттер бойынша айып тағылған күдікті адам анықталды. Күдіктіге қатысты сот «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Балаға медициналық көмек көрсетілді.

Фото алынды evg-crystal.ru

0
0
621

Теміртаудағы газ «жарылысы»: жаңа мәлімет айтылды

Теміртаудағы үйлердің бірінде газ «жарылғаннан» кейін 19 тұрғын политехникалық колледж жатақханасына орналастырылған. Тұрғындарға пәтеріне ең қажетті заттары және құжаттар үшін ғана кіруге рұқсат етіледі.«Мысығым бір жақта, итім бір жақта, күйеуім екеуміз осындамыз, балам ағамның үйінде. Жаңа ғана барып, сұрадым: «Үй жабдықтарын алуға рұқсат бересіздер ме?» деп. Олар «жоқ, тек қажетті заттарды. Кінә жарылыстан екені дәлелденсе, иә, шығынды өтейміз. Ал егер үй құлап қалса, шығынды өтемейміз» деді», - дейді үй тұрғыны Анна Майжалова.Тұрғындар кешеден бері пәтерлерге кіре алмай отыр. Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр, кіреберіс есіктер жабық. Бір күннен кейін оларға ең қажетті заттарды алуға рұқсат берілген, бірақ тек бір отбасы мүшесі кіре алады. Ол арнайы баскиім киіп, құтқар…

0
0
231

Канело Головкинмен жекпе-жегінен кейін сауық кешін өткізетінін жариялады

«Канело» әлеуметтік желіде 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтетін жекпе-жектен кейін сауық кеші болатынын жариялады.

«17 қыркүйекте Канелоның Fight After Party ресми кешінде Zouk Night club-та өтетін тағы бір ұмытылмас түнге дайын болыңыз», - делінген оның Instagram-парақшасындағы жазбада.

Еске салайық, боксшылар бұл аренада 2017 және 2018 жылдары кездескен болатын. Бірінші жекпе-жек тепе-тең есеппен аяқталса, екіншісінде Альварес жеңіске жетті.

Бұған дейін Головкин әлеуметтік желіде мексикалық боксшымен үшінші жекпе-жекке қатысты жазба жариялаған болатын.

Фото алынды championat.com

0
0
204

«Жарылғыш зат қойылған»: Талдықорғанда полицияға жалған ақпарат берген күдікті ұсталды

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен соң жеке құрам ғимараттан эвакуацияланған.

Оқиға орнына саперлер, кинологтар және басқа да мамандар шақырылған.

Ғимарат толық тексерілгеннен кейін ақпараттың жалған екені расталды. Көп ұзамай қоңырау шалған күдікті де ұсталды.

0
0
226