Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында М.Б.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің студентерімен дөңгелек үстел өткізілді.
Бұл кездесуге колледж директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Айдарбек Джуманиязов, колледж психологы Алиса Бакишева қатысып, білім алушыларына құқықтық сауаттылықты арттыру қажеттілігі туралы түсіндіріп, қолданыстағы заңнама бойынша жіктелетін қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың түрлерін атап өтті. Сондай-ақ заңдылықты сақтау жөнінде заңнамада көзделген міндеттер аталып, жасөспірімдердің құқықтары таныстырылды.
Кездесу барысында білім алушылар өз сұрақтарын қойып, ой-пікірлерімен бөлісті. Өз кезегінде Айдарбек Джуманиязов берілген сұрақтарға тиісті жауап қайтарды.