"Хиуаз Доспанова" тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды
18 қазан күні мекемемізде екінші дүниежүзілік соғыста ерлігімен көзге түсіп, жау әскерін жермен-жексен еткен қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы Хиуаз Доспанованың туғанына – 100 жыл толуына орай «Қазақтың қанатты қызы – Хиуаз Доспанова» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды. Шараны мекеме директоры Н.Мизамбаев талай рет көкке самғап, жаудың сағын сындырған қазақ қызының есімін елдің ұмытпағанын әрқашан халық, ұрпақ жадында қалатынын сөзге тиек етті. Оқу-тәрбие ісінің орынбасары С.Избасова Хиуаз Доспанованың өмір жолы, көрсеткен ерлігі туралы өз баяндамасында мәлімдеді. Іс-шараның мақсаты ерлік есімдерін ұлықтау және өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, Отанға деген мақтаныш сезімін ояту, Қазақстанның қаһармандық ерліктерге толы тарихына құрметпен қарауға үйрету.
