«Казтрансгазаймақ» Жәнібек газ шаруашылығының қызметкерлерімен кездесу өткізді
"AMANAT" партиясы Жәнібек аудандық филиалының ғимаратында аудандық мәслихат депутаты Біржан Қуанәлиев және «Жәнібек» бастауыш партия ұйымының төрайымы Ляззат Абдулованың қатысуымен «Казтрансгазаймақ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалының Жәнібек газ шаруашылығының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты биылғы Жолдауы талқыланды.
Жиын барысында ақпараттық топ мүшелері Жoлдауда айтылған мүмкіндіктерді пайдаланып, Жолдаудағы мәселелердің шешiлуі жoлында және елімізді дамыту бағытында сапалы қызмет атқаруымыз қажет екендігін айтты. Жолдауда айтылған шаpалар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал жасайтынына сенім бiлдіpіп, Жолдауды бiрауыздан қолдауға шақырды. Кездесуде "АМАNАТ" партиясының мүшесі Р.Өтемисов сөз сөйлеп, Жолдаудың басты, басым бағыттарын атап өтті. Жиын барысында тұрғындар өз ұсыныстарын айтып, Жолдауда айтылған маңызды бастамаларға үлкен сенім бiлдіретіндеpін жеткiзді.
Жиналысты қорытындылаған Біржан Қуанәлиев Мемлекет басшысы айтқандай, "Бір жағадан - бас, бір жеңнен - қол шығара" отырып, жарқын болашақ үшін жұмыла еңбек етейік, - деді.
