Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жадырап жайнай бер Жәнібегім!

Тау ауыл әкімі аппаратының және модельді кітапхананың ұйымдастыруымен ауданымыздың 100 жылдығына арналған "Ғасыр ғажап құтты болсын туған жер" атты шара Тау ауылында өткізілді. Өз кезегінде Тау ауылдық округінің әкімі Кенжебек Еркегулов ауыл тұрғындары мен қонақтарын құттықтады.Шара барысында Гүлдана Ғазезова мен Мейрамгуль Жұмалиева баяндамаларын оқыды. Сонымен қатар Ғ.Абдуллин атындағы орта мектептің оқушылары Жәнібек ауданы туралы өлеңдерін арнады және "Жәнібегім, туған жерім қымбатсың" атты кітаптар көрмесімен таныстырды. Жиын соңында ауылдың үлкендері өздерінің жүрекжарды тілектерін айтып, ақ батасын берді.

0
0
170

Осы тақырып бойынша

Жадырап жайнай бер Жәнібегім! - Yvision.kz