Жадырап жайнай бер Жәнібегім!
Жәнібек ауданының 100 жылдығына орай
"Ғасыр тойың құтты болсын туған жер" атты мерекелік шара өткізілді. Өз кезегінде Күйгенкөл ауылдық округінің әкімі С.Таргинов ауыл тұрғындары мен қонақтарын құттықтады, ауыл өнерпаздары тамаша концерт тарту етті. Ауылдың үлкендері өздерінің жүрекжарды тілектерін айтып, Еліміз тыныш жұртымыз аман болсын деп батасын берді.
Мереке жалғасын тауып ауылдық округ елді мекендерінің "Жасқайрат", "Өнеге", "Ауыл жастары", "Мектеп оқушылары", "Мектеп оқышылары 2" командалары шағың футболдан сыңға түсіп өзара мықтыны анықтады
