Перейти к содержимому
zko.nurotan.kz

Филиал ЗКО

@zko.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 24 маусымКазахстан

Официальный филиал партии "AMANAT" в Западно-Казахстанской области

рейтинг

250

жазбалар

702

пікірлер

0

тіркелуші

14

жазылымдар

14

Мұрат Мұқаев алдағы ауқымды істер жоспарымен және өңірдің сайлау науқанына дайындығы туралы баяндады

Партия төрағасының бірінші орынбасарының айтуынша, үгіт – насихат жұмыстары партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы «Өзгеріс жолы: әркімге лайықты өмір!» негізінде жасалған. Бұл партияның алдағы 5 жылға арналған нақтыланған жұмыс жоспары.

-Партияның XX-шы съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Партия қоғамнан келіп түскен ұсыныстарды ескерді. Біздің бағдарламаны бүкіл ел дайындады деп айтуға болады!» деп атап өткен болатын. Біздің нақты өңірлік сайлауалды бағдарламамыз бар. Ол жүзден астам негізгі міндеттерді қамтиды. Біздің сайлау науқанындағы басты ұранымыз – «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» - ол еліміз үшін күрделі кезеңдердегі қоғамымыздың басты біріктіруші мақсаты мен құндылықтарын көрсетеді.

Облыстық сайлауалды штаб өз жұмысын бастады

Айта кетейік, 10 желтоқсан күні сағат 18:00-де басталған сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңіне филиал толық дайын. Бүгінде барлық ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық мәселелер шешіліп, белсенділер мен сенімді тұлғалар топтары дайындалған.Облыстық сайлау комиссиясында 350 кандидаттан тұратын партиялық тізім бекітілген. Оның ішінде 295 адам праймериз жеңімпазы болса, 55 - адам партия филиалының квотасы бойынша тіркелген.-Партия басшылығының тапсырмасы бойынша өңірлік сайлауалды штаб құрылды. Штаб құрамы 275 адам тұрады. Біз Республикалық сайлауалды штабпен келісім бойынша желілік кестені қабылдап, бекіттік. Алдын алас жасалған кестеге сәйкес облыс бойынша 2091 іс-шара өткізіп, 250 мыңнын үстінде адамды қамту жоспарлануда. Оның ішінде 157 тікелей және 309 онлайн форматтағы кездесу…

0
0
103

Партияның облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары М.Мұқаев Орал спортшылармен онлайн кездесті

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Мұқаев Орал қаласының спортшылармен онлайн кездестіСалауатты өмір салты мен Оралдық спортшылардың жетістіктері кездесудің басты тақырыбына айналды.Партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары жастардың спортта жеткен жетістіктеріне ерекше назар аударып, жақында ҚР бокс чемпионатында 18 жасар Даниал Сәбиттің сәтті өнер көрсеткенін атап өтті.Өз сөзінде Даниал Сәбит: «Бокстан ересек спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионатында жеңіске жеттім. Жеңімпаз болғаныма өте қуаныштымын, бірақ бұл мен үшін үлкен тосын сый болды», - деп, өз әсерімен бөлісті. Ал, Орал қаласының спорт бөлімінің басшысы Артур Шерғалиев бұл жеңісті табиғи нәрсе деп санайды.«Төрт жыл бұрын Жастар сарайында Данияр Елеусінов атындағы спорт орт…

0
0
204

"Nur Otan" партиясы Орал қалалық филиалында Круглоозерный бастауыш партия ұйымының жиыны өтті

Бүгін "Nur Otan" партиясы Орал қалалық филиалында Круглоозерный бастауыш партия ұйымының жиыны "ZOOM" платформасында ұйымдастырылды.Онлайн жиында партия мүшелерінің Әдеп кодексін сақтау қағидалары сөз болды.Круглоозерный БПҰ-ның төрайымы Татьяна Сумкинаның айтуынша, ұйымның құрамында 87 тұрғын тіркелген. Кездесулер мен қабылдаулар үнемі өткізіледі. Тұрғындар негізінен қабылдауға елді мекенді абаттандыру, үй аумақтарын қалыпқа келтіру сынды мәселелермен жүгінеді. Барлық мәселелер мүмкіндігінше оң шешімін табады.Айталық, биыл кент тұрғындарына қолайлы болу үшін қаладан қатынайтын N51 маршруттың қатары толығып, автобус аялдамалары қойылып, жаяу жүргіншілер жолы салынған. Сондай-ақ 550 көше шамы орнатылып, 36 қоқыс контейнері қойылған. Тұрмыстық мәселелер, санитарлық талаптар қадағаланады. Ке…

0
0
131

"Елін сүйген Елбасы" кітап көрмесі

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Орал қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен және жастардың қатысуымен Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу мен даму кезеңіндегі Тұңғыш Президентіміздің жүргізіп отырған саясатын, іскерлік қабілетін, болашаққа бағыт-бағдар берген Мемлекет Басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған еңбегін оқырмандарға жеткізу, жас ұрпаққа насихаттау мақсатында "Елін сүйген Елбасы" кітап көрмесі өткен болатын.

Кітап көрмесіне Тұңғыш Президенттің отбасы, жастық шағы, ерен еңбектері туралы кітаптар мен журналдар қойылды.

@nur_otan

#NurOtan

0
0
168

Азаматтардың еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қорғау басты назарда

Облыстық мәслихат депутаттарының отырысында - «Nur Otan» партиясының фракция мүшелері қоғамдық және кәсіподақ бірлестіктерінің белсенді мүшелерімен кездесіп, «Азаматтардың еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қорғау» тақырыбы аясында талқылау жүргізді. БҚО еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – Асылұлан Досжанов еңбек құқығын қорғау шаралары туралы айта отырып, биылғы жылы 600-ден астам батысқазақстандықтың жұмыс берушілерге қатысты арыз-шағымдармен жүгінгендігін атап өтті. Сонымен қатар, шағымданушы көптеген азаматтардың өзінің құқықтары туралы біліктіліктерінің аз болуына байланысты және жұмыс берушімен еңбек қатынастарында орын алатын еңбек даулары кезінде қалай қорғалатындығын білмеуінің нәтижесінде көбірек жеңілістерге ұшырайтындығын атап өтті. Жиын барысында жергілікті өз…

0
0
140

Бүгін «Елбасы және Тәуелсіздік» тақырыбында онлайн кездесуі өткізілді

Шараға «Ардагер» клубының жетекшісі Мақзомова Надия Мұратқызы, клуб мүшесі Таумов Ануар және өңіріміздің белсенді жастары қатысты.Еңсемізді тіктеп, егемен ел атанып, өз алдына отау тігіп дербес мемлекет атанған Қазақстанның осы жолда жолыққан қаншама қиындықтары жөнінде тарихи сәттерді ардагер жиналған жастарға өз ауыздарынан айтып берді.Сонымен қатар, Надия Мұратқызы тәуелсіздігіміздің алғашқы таңынан бастап қазіргі кезеңіне дейінгі оңды өзгерістер, бейбітшілік, келісім мен тұрақтылық жағдайында Қазақстанның жылдам қарқынмен әлемдегі алдыңғы қатарлы жетекші елдердің қатарына қосылуы Елбасының тікелей бастамасымен болғанын да атап өтті.Тәуелсіздік - ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі.Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі…

0
0
190

Жастар аға буын өкілдерімен басқосты

Бүгін «Nur Otan» партияның БҚО филиалында «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында облыстық саяси кеңес мүшелерінің партия және еңбек ардагерлерінің жастармен кездесуі өткізілді.

Аталған басқосуға өлкетанушы, шежіреші, партия ардагері Тілекқабыл Сағынов пен Нұрғиса Қамашев, Софья Измуханбетова, Нұрғали Жолдасқалиев, Мержан Әбілқас, Ақерке Шайқы сынды саяси кеңес мүшелері және өңіріміздің белсенді жастары қатысты.

Кездесуге қатысқан ардагер өзінің еңбек жолын, ел үшін атқарған жауапты қызметтері туралы айтып өтті.

0
0
105

Өңірдегі білім және денсаулық сақтау салаларының мамандарымен ашық диалогтық кездесу

2020 жылдың 30 қараша күні «Nur Otan» партиясының ғимаратында «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары – Мұрат Мұқаевтың төрағалығымен өңірдегі білім және денсаулық сақтау салаларының мамандарымен ашық диалогтық кездесу өткізілді.Кездесудің басты мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, Елбасының білім және денсаулық сақтау салалары үшін жасаған прогрессивті бағдарламалары мен еңбегін насихаттау және аталмыш сала мамандары үшін жасалатын алдағы басымдықтар туралы талқылау.Кездесу барысында Мұрат Рахметұлы қатысушыларды мерекемен құттықтай отырып:- Елбасы әрдайым өзінің сөзінде - «Елдің тұрақтылығы мен өміршеңдігін сақтаушы бірден бір салалар – білім және денсаулық сақтау салалары», - деуші еді. Расымен де, бұл сала…

0
0
251

Партия қатары жастармен толықты

Бүгін Қазақстан Республикасының Түңғыш Президенті Күніне орай партия қатарына жаңа мүшелерді салтанатты қабылдау рәсімі өтті.

Бүгінгі салтанатты жиында партия құрамына 15 адам қабылданып, партиялық билет табыс етілді.

Өз кезегінде партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Мұқаев атап өткендей, бүгінгі таңда партияның негізгі міндеті - өз бағдарламасын толықтай іске асыру мүмкіндігіне ие болу.

0
0
112