Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Партияның облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары М.Мұқаев Орал спортшылармен онлайн кездесті

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Мұқаев Орал қаласының спортшылармен онлайн кездесті

Салауатты өмір салты мен Оралдық спортшылардың жетістіктері кездесудің басты тақырыбына айналды.

Партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары жастардың спортта жеткен жетістіктеріне ерекше назар аударып, жақында ҚР бокс чемпионатында 18 жасар Даниал Сәбиттің сәтті өнер көрсеткенін атап өтті.

Өз сөзінде Даниал Сәбит: «Бокстан ересек спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионатында жеңіске жеттім. Жеңімпаз болғаныма өте қуаныштымын, бірақ бұл мен үшін үлкен тосын сый болды», - деп, өз әсерімен бөлісті. Ал, Орал қаласының спорт бөлімінің басшысы Артур Шерғалиев бұл жеңісті табиғи нәрсе деп санайды.

«Төрт жыл бұрын Жастар сарайында Данияр Елеусінов атындағы спорт орталығын аштық. Осы орталықта арнайы бір залды жабдықтап, спортшыларды дайындай бастадық. Даниал Сәбиттің жеңісі де өзінің маңдай тері мен, жаттықтырушылардың ерен еңбегінің арқасында жеткен жетістік деп білемін. Осындай жеңістер көп болу үшін қаламызда боксқа арналған мамандандырылған спорт залдарының көптеп ашылғанын қалаймыз » - деді А.Шерғалиев.

«Орал тұрғындарының арасында ең танымал спорт түрлеріне талдау жасау керек, жаңа мамандандырылған спорт залдарын ашуға жаттықтырушылар және штат саны жеткілікті екендігіне көз жеткізу керек», - деді Мұрат Рахметұлы сөз соңында.

0
0
205

Осы тақырып бойынша