Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бүгін «Елбасы және Тәуелсіздік» тақырыбында онлайн кездесуі өткізілді

Шараға «Ардагер» клубының жетекшісі Мақзомова Надия Мұратқызы, клуб мүшесі Таумов Ануар және өңіріміздің белсенді жастары қатысты.

Еңсемізді тіктеп, егемен ел атанып, өз алдына отау тігіп дербес мемлекет атанған Қазақстанның осы жолда жолыққан қаншама қиындықтары жөнінде тарихи сәттерді ардагер жиналған жастарға өз ауыздарынан айтып берді.

Сонымен қатар, Надия Мұратқызы тәуелсіздігіміздің алғашқы таңынан бастап қазіргі кезеңіне дейінгі оңды өзгерістер, бейбітшілік, келісім мен тұрақтылық жағдайында Қазақстанның жылдам қарқынмен әлемдегі алдыңғы қатарлы жетекші елдердің қатарына қосылуы Елбасының тікелей бастамасымен болғанын да атап өтті.

Тәуелсіздік - ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі.

Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Бүгінгі кездесуіміз «Келер ұрпақ ата-бабаларымыздың мұра болып қалған үлан-ғайыр атамекен жеріміз, отарлық жоя алмаған тіліміз, мәдениетіміздің құндылығын санасына сіңдіріп, оны дамыту жолында аянбай еңбек етсе», - деген тілекпен аяқталды.

0
0
190

Осы тақырып бойынша