Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Nur Otan" партиясы Орал қалалық филиалында Круглоозерный бастауыш партия ұйымының жиыны өтті

Бүгін "Nur Otan" партиясы Орал қалалық филиалында Круглоозерный бастауыш партия ұйымының жиыны "ZOOM" платформасында ұйымдастырылды.

Онлайн жиында партия мүшелерінің Әдеп кодексін сақтау қағидалары сөз болды.

Круглоозерный БПҰ-ның төрайымы Татьяна Сумкинаның айтуынша, ұйымның құрамында 87 тұрғын тіркелген. Кездесулер мен қабылдаулар үнемі өткізіледі. Тұрғындар негізінен қабылдауға елді мекенді абаттандыру, үй аумақтарын қалыпқа келтіру сынды мәселелермен жүгінеді. Барлық мәселелер мүмкіндігінше оң шешімін табады.

Айталық, биыл кент тұрғындарына қолайлы болу үшін қаладан қатынайтын N51 маршруттың қатары толығып, автобус аялдамалары қойылып, жаяу жүргіншілер жолы салынған. Сондай-ақ 550 көше шамы орнатылып, 36 қоқыс контейнері қойылған. Тұрмыстық мәселелер, санитарлық талаптар қадағаланады. Кент әкімдінде жасақталған өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы тұрғындар ХҚКО тарапынан көрсетілетін қызметтерді ала алады. Бұдан бөлек БПҰ төрайымы пандемия кезінде тұралап қалған проблемалық мәселелерді де атап өтті.

0
0
133

Осы тақырып бойынша