Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық сайлауалды штаб өз жұмысын бастады

Айта кетейік, 10 желтоқсан күні сағат 18:00-де басталған сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңіне филиал толық дайын. Бүгінде барлық ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық мәселелер шешіліп, белсенділер мен сенімді тұлғалар топтары дайындалған.

Облыстық сайлау комиссиясында 350 кандидаттан тұратын партиялық тізім бекітілген. Оның ішінде 295 адам праймериз жеңімпазы болса, 55 - адам партия филиалының квотасы бойынша тіркелген.

-Партия басшылығының тапсырмасы бойынша өңірлік сайлауалды штаб құрылды. Штаб құрамы 275 адам тұрады. Біз Республикалық сайлауалды штабпен келісім бойынша желілік кестені қабылдап, бекіттік. Алдын алас жасалған кестеге сәйкес облыс бойынша 2091 іс-шара өткізіп, 250 мыңнын үстінде адамды қамту жоспарлануда. Оның ішінде 157 тікелей және 309 онлайн форматтағы кездесулер болмақ. Бұл ретте эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, барлық қауіпсіздік ережелері сақталатын болады. Бекітілген кестеге сәйкес белсенді мерзім Орал қаласы, барлық аудандар мен елді мекендерде басталып, одан әрі 408 елді мекендерде жалғасын таппақ. Сонымен қатар, штаб жанынан біздің өңірдің жас ұрпақтары арасында кең және белсенді үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға арналған «Жастар қанаты» құрылды. Оған біздің «Jas Otan» жастар қанатының барынша дайындалған белсенділері, сондай-ақ біздің жастарымыздың сеніміне ие болған партияның жас жақтастары кірді,-деді Мұрат Мұқаев.

0
0
103

Осы тақырып бойынша