Якуб-ага Рудзевич және оның заманы

Кейде қос славян халқының "пікірталастарын" оқимын да, жағамды ұстаймын. "Ағасы" басшысының "Наша страна не раз проходила через серьезные испытания: и печенеги ее терзали, и половцы, — со всем справилась Россия." дейді, ал айтып отырған печенегтері де половцылары да біздер. "Інісі" елінің кейбір айтқыштары "ағасы елін" "ордынцы", деп кемсітеді, бірақ, таяқтың ұшы тағы бізге тиетінін түсінбейтін болар.Қалай десек те орыс һәм украин мемлекетінің қалыптасуында түркі жұртының рөлі зор, біріншісі, Алтын Орда қанатынан шықса, екіншісі, қырым татарларына алғыс айтуы керек.Сонымен айтпағым мынадай бір фактіні жеткізу.


