BOOK DAY - кітап лабиринті = BOOK DAY — книжный лабиринт
Республикалық «KitapTime-2026» кітап фестивалі аясында № 11 жалпы білім беретін мектеп, № 2 мектеп-лицейдің, Ахмет Бірімжанов атындағы 4-6 сынып оқушыларына арналған «BOOK DAY» атты кітап лабиринті форматындағы интерактивті экскурсиялық-ойын бағдарламасы өтті. Фестивальдің басты мақсаты - кітап пен оқуды насихаттау, оқырманның әдеби ой-өрісін кеңейту және әдебиетке деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыру.Іс-шараның басында кітапхана бөлімдері бойынша шағын экскурсия ұйымдастырылды. Содан кейін балалар интерактивті кітап көрмесі әлеміне шақырылды. Мұнда әр кітаптың өз жұмбағы немесе қызықты сұрағы жасырылған еді. Қатысушылар танымал шығармалар туралы сұрақтарға жауап беріп, әдеби кейіпкерлер мен авторларды еске түсірді, кітаптарды үзінділері арқылы таныды. Әдеби шығармалардың экрандалуына…
