Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

2017 жылы елден қанша қазақстандық көшіп кетті

Комитет мәліметі бойынша, 2017 жылдың 12 айында Қазақстаннан 37 704 адам көшкен, олардың 35 680 ҚР азаматтары, деп хабарлайды tengrinews.kz. Барлық кеткен адамдардың 87 пайызы немесе 32 875 адам Ресейге қоныс аударған. Сонымен қатар, Германияға – 2 960 адам, Белоруське – 288 адам, АҚШ – 284 адам және Израильге – 127 адам қоныс аударған.

Ал елге келген адамдар статистикасын қарайтын болсақ, 2017 жылы 16 081 адам Қазақстанға қоныс аударған, олардың 11 596 ТМД елдерінен және 4 мыңы басқа елдерден келген. Қазақстанға ең көп Өзбекстаннан – 5 196 адам, Ресейден – 4 383 адам және Қытайдан – 3 204 адам қоныс аударған.

Еліміздің ішінде басқа өңірлеріне ең көп Жамбыл облысы тұрғындары қоныс аудаған, олардың саны – 16 918 адам, одан сәл азырақ Оңтүстік Қазақстаннан – 14 612 адам көшкен. Астана статистикасы жыл нәтижесі бойынша оң көрсеткішке ие. 2017 жылы Астанаға 35 мыңнан аса адам қоныс аударған. Алматы көрсеткіші осыған шамалас, оңтүстік астанада халық саны 30 мың адамға өскен.

Қазақстан халқының жалпы саны 2017 жылдың басынан 2018 жылдың 1-қаңтары арасында 238 864 адамға өсті.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы елден көшіп кеткен азаматтар саны 32 930 адамды құраған еді, ол 2015 жылмен салыстырғанда 16,4 пайызға көп.

7
1
779

Осы тақырып бойынша

2017 жылы елден қанша қазақстандық көшіп кетті - Yvision.kz