АҚШ Ресей уранының импортына тыйым салып жатыр
АҚШ Президенті Джо Байден Ресей уранының импортына тыйым салатын заңға қол қойды. Заңды конгресс екі апта бұрын қабылдаған болатын.

Фото: theins.ru
Бұл құжат қол қойылғаннан кейінгі 90 күннен соң күшіне енеді.
Содан бастап АҚШ Энергетика министрлігі 2028 жылға дейін сәулеленбеген төмен байытылған ресейлік уранның импортына оның басқа тасымалдау көздері болмаған жағдайда рұқсат беріп отырады. Жалпы шектеу 2040 жылға дейін қолданылмақ.
Елдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан: «Бұл – АҚШ-тың энергетикалық және экономикалық қауіпсіздігін нығайтып, азаматтық атом энергетикасы саласын Ресейге тәуелділіктен арылтатын тарихи заң» деді.
Америкалық компаниялар коммерциялық атом реакторына арналған негізгі отын – байытылған уранды Ресейден шашамен 1 млрд долларға сатып алып келген. «Росатом» АҚШ-тың 93 атом реакторында қолданылатын байытылған уранның шамамен 20 пайызын жеткізіп отырған.
