Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Адамдар үйлерін, мүліктерін сатып криптовалюта сатып алуда

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазақстандағы криптовалютамен операцияларды реттеудің жоқтығына алаңдаулы.

«Ұлттық банк криптовалютамен не болып жатқанын қадағалайды ма? Жеке тұлғалардың қыруар қаражаттары виртуалды ақша сатып алуға кетуде. Адамдар үйлерін, мүліктерін сатып, криптовалюта сатып алуда. Криптовалюта - реттеуді талап ететін процесс болып табыла ма, жоқ па? - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Унжакова «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заң жобасының таныстырылымында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Олег Смоляковқа осы сұрақты қойды.

Олег Смоляков криптовалюталармен операцияларға қатысты халықаралық тәжірибені атап өтті.

Баяндамашы Ұлттық банк Қазақстанда криптовалютамен операцияларды реттеу бойынша шаралар әзірлеп жатқанын хабарлады, алайда ол қалай жүзеге асатыны айтылмады.

Үлкен сомада қаражат шешу немесе аудару операциялары Ұлттық Банк назарында болатынын, банк қазіргі таңда қажетті жұмыстарды жүргізіп жатқанын төраға орынбасары айтып өтті. Сонымен қатар, оның айтуынша, бұл кең ауқымды мәселе.

Алайда Мәжіліс депутаты олай ойламайды, депутат Глеб Шчегельский шараларды әзірлеу үдерісін жылдамдату қажеттігін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ҰҚП деректері бойынша, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ақпараттық бөлімшелерінің қызметкерлері жұмыс орнында криповалюта майнингі жұмыстарымен айналысқан. Криптовалюта өндіруде бөлімшелердің ақпараттық жүйелерінің серверлері, олардың аймақтық бөлімшелері, сондай-ақ қызметкерлердің ең өнімді офистік компьютерлері тартылды.

1
0
275

Осы тақырып бойынша

Адамдар үйлерін, мүліктерін сатып криптовалюта сатып алуда - Yvision.kz