«Адаспа» атты театрландырылған көрсетілім
Шымкент қаласы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығы КММ-де Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында «Адаспа» атты театрландырылған көрсетілім өтті.
Іс-шараға жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 250-ден аса жастар қатысты.
Көрсетілімде жастар террористік қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың, радикалды көріністерге қарсы күресті көрсетті. Сонымен қатар діни экстремизмді тудыратын себептер мен жағдайлар, радикалды топтардан туындайтын қауіптер, экстремистік идеология мен оның қозғаушы күштерінің қауіптілігі көрсетілді.
#NOterrorism #NOextremism

