Өңірлік коммуникациялар қызметі журналистерге арнап форум өткізді

Жақында Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі республика күніне орай журналистерге арнап форум ұйымдастырды. Форум аясында медиа саласының өкілдері үшін арнайы дайындалған ақпарат беріліп, мамандар өзара пікір алмасты. Атап айтқанда, аймақтық пабликтерді жүргізудің негізгі проблемалары мен қиындықтары туралы «Давай сходим» паблигінің Алматы филиалындағы бс редакторы Камилла Бояубаева айтты. «Orda.kz» телеграмм-каналының редакторы Илья Ролдугиннің дайындап келген тақырыбы да журналистер үшін танымдық әрі өзекті болды, ол «Қазақша СММ немесе әлеуметтік желілердің жаңа шындығы» блогында өз тәжірибесімен бөлісті.
Форум аясында «Авторлық құқық және плагиат» мәселелері, деректі фильм түсіру, журналистердің құқықтары т.б. мәселелер қарастырылды. Қазақстан АИС ЖШС заң компаниясының директоры, Қазақстандағы, Қырғызстандағы «Apple» компаниясының зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселелері жөніндегі өкілі Әсет Блиев бұл тақырыпта журналистердің барлық сұрақтарына жауап берді. Тақырыпты белгілі блогер, фототілші Дмитрий Доценко жалғады. Ол «Фототроллингтің» не екенін және медиа-бизнеске қандай қауіп түсіндіріп берді. Соңында тележурналист Ирина Грибковская әріптестерімен деректі фильм жанрының қыр-сырымен бөлісті. Ирина деректі фильмді қызықты етудің құпиялары туралы айтып, практикалық кеңестер берді. Шара барысында сарапшылар мен бірқатар журналистерге түрлі номинациялар мен арнайы естелік сыйлықтар берілді.
#АлматықаласыныңӨңірліккоммуникацияларқызметі
#РСКАлматы
