Мұтырғановтар циркке оралды

Күні кеше ғана Республика күніне орай Алматы төрінде орналасқан Қазақ мемлекеттік циркінде елімізге белгілі цирк артисі Кәрім Мұтырғановтың бенефисі өтті.
Бүгінде 70 жасқа толып отырған цирк өнерінің жарық жұлдызы өмірінің жарты ғасырын цирк өнеріне арнағаны көпшілікке белгілі. Кәрім Мұтырғанов елімізде 30-дан астам мемлекетте танытып жүрген талантты өнер иесі.
Көпшілікке белгілі соңғы 10 жылда Кәрім Мұтырғанов цирк аренасына шықпаған болатын. Сондықтан еліміздегі ең танымал цирк әулетінің негізін қалаушы, режиссер, ұстаз, «Мутурганчики» триосының продюсері Кәрім Мұтырғанов мерейлі күн болды.

— Әкем үшін Алматы циркі өзінің екінші үйі іспетті. Ол өнердегі жолын дәл осы ордада бастаған. Кәрім Мұтырғанов бенефисінде бүкіл әлем көрермендеріне ұнаған ең жақсы репризалары мен ерекше нөмірлерін көрсететін болады. Сондай-ақ шоуға еліміздің әр түрлі қалаларының артистері мен Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің студенттері қатысады. Ал бұл өз кезегінде жас мамандардың цирк биігінде жұлдыздай жарқырауына жол ашады деп білемін, — дейді белгілі цирк маманы және бенефис иесінің ұлы Мұрат Мұтырғанов.
Естеріңізге сала кетейік, Кәрім Мұтырғановтың ұлы Мұрат Мұтырғанов "Рекордтар кітабына" еніп, "Әлемдегі ең жас клоун" дәрежесін иеленген.

Мұрат Мұтырғанов
Цирк - бұл ғажайып әлем. Мен алты жасымда еңбек кітапшамды алып, қызмет жолымды әкеммен бірге соло-клоуннан бастадым. Әкем кішкентай кезінен әртіс болсам деп армандайды екен, менің де балам циркте болмаса да, өнер және мәдениет саласында жұмыс істесе деп армандаймын.
Мұрат Мұтырғанов 1990 жылы Веронеде өткен цирк өнерінің балалар фестивалінде әлемнің ең жас клоуны атанған болатын. Оның аты «ДИВО» рекордтар кітабына енгізілген. АҚШ - та клоуындық даңқ мұражайында «MURATIK» деген атпен плита ашылды, оның нөмірі 411.

