Мазмұнға өту
Обложка сообщества Общество

Дене бітімін шынықтыру – шынайы сенімді нығайтады

10 қараша күні оңтүстік астананың орталық мешітінде жамағат пен мешіт қызметкерлері арасында 2023 жылғы Спартакиада өтті. Ол қаладағы исламдық мекемелердің мәдени, спорттық және бұқаралық шаралары мен «Асыл мұра» жобасы аясында

Дәстүр бойынша ұлттық спорт түрлерінен – «Асық ату», қол күресі, қошқар көтеру, гір көтеру, арқан тарту және «Қазақ шахматы» – тоғыз құмалақ бойынша турнирлер өткізілді.

Ұйымдастырушылар – «Nomad Leader» ЖШС спортшыл жігіттері жеңімпаздарға түрлі сыйлықтар – діни және спорттық керек-жарақтарды, ал көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Спорт мерекесіне тапсырыс беруші – Алматы қалалық Дін істері жөніндегі басқармасы.

Сондай-ақ турнир барысында дін саласының мамандары қазақ халқының дәстүрлі құндылықтарын, Ханафи мазһабының негіздерін және дін саласындағы мемлекеттік саясатты, оның барлық конфессиялардың теңдігі мен өзара сыйластыққа негізделгенін қауымға нақты түсіндірді.

Көрермендерге, әсіресе, балаларға ашық ауада жақсы демалу үшін барлық жағдай жасалған. Өздеріңіз білетіндей, балаларымызды өз елінің патриоты етудің ең жақсы жолы – ересектердің өздерінің республиканың нағыз азаматы болуы.

0
0
397

Осы тақырып бойынша

Дене бітімін шынықтыру – шынайы сенімді нығайтады - Yvision.kz