Мазмұнға өту
Обложка сообщества Общество

"Мама про": Қазақ тобы бойынша кәсіпкерлік курсының 3-ағымы сәтті аяқталды

Ерекше күтімді қажет ететін балаларды қарау - аса жауапты іс. Оларды аналары үйде жалғыз қалдыра алмайды. Ал бала күтушісін жалдауға кез келген ата-ананың қалтасы көтере бермейді.

Осы ретте, "Мамапро" ұйымы ерекше баласы бар аналарға арнап кәсіпкерлік бағыт бойынша және компьютерлік сауаттылық жөнінде курстар өткізеді. "КMF Demeu" компаниясының қолдау көрсетуінің арұасында бірнеше ерекше баласы бар ана аталған ұйымнан білім алып шықты. Жақында біз қазақ бөлімі 3 ағымның бітіру кешінің құрметті қонағы болып, бірнеше анамен сұхбаттасқан болатынбыз.

Заң бойынша мұндай балалардың анасына еңбек құқығы беріле бермейді. Соның әсерінен олар білімін, білігін жетілдіре, қолдана алмай қалады және ақша табуы қиындай түседі. Қоғам өмірінен алшақтап кететіні белгілі.

Мама про жобасының Алматы қаласы бойынша директоры Алена Ким

"Жобаның мақсаты — ерекше балалардың анасына жұмыс табуға жәрдемдесумен бірге оған кәсіп жүргізуге қажет дағдыларды қалыптастыру. Аналар мұнда психологиялық қолдау және кәсіп жүргізу негіздері бойынша сабақ алады", - дейді.

Мама про жобасының қазақ тобы бойынша директоры Айгерим Избасарова

Бүгінде елімізде ерекше күтімді қажет ететін баласы бар аналар жетерлік. Бірақ, олардың барлығы бірдей психологқа бара бермейді. Олар мәселесін жалғыз өзі шеше алмауы да мүмкін. Міне, «Мама Про» — осындай қиын жағдайда жүрген аналар үшін таптырмас мүмкіндік. Болашақта осы тәрізді игі бастамалардың қатары толыға берсе, нұр үстіне нұр болар еді. Бұл топ біздің тарихымызда ең ерекше топ ретінде есте қалмақ. Бізге келген әрбір ана ерекше. Сондықтан, сіздерге алғысым шексіз. Аналар армандасын, мақсат қойсын және ең бастысы, әрекет етсін. Алла оларға және балаларына зор денсаулық берсін!", - деді өз сөзінде.

Қамбарова Фариза

Жоспарымды ұзақ уақыт бойы жүзеге асыра алмадым. Сөйтіп жүргенде Instagram желісінен «Мама Про» жобасы жайында естідім. Ол кезде балаларыма қарап, үйде жұмыссыз отырған едім. Курста ерекше күтімді қажет ететін балалардың анасына барынша қолдау көрсететіні, оның үстіне тегін оқытатыны қатты ұнады. Сондықтан көп ойланбастан жобаға қатысамын деп шештім.

Тулемисова Сәнім

«Орталыққа баламмен бірге барып жүрдім. Іші өте ыңғайлы, барлық жағдай жасалған. Ең қолайлысы — бір бөлмеде аналар жұмыс істесе, екіншісінде балалар ойнап отырады. Осыдан кейін баламды бұрынғыдай кімге қалдырамын деп уайымдамайтын болдым.

Гульназ Сарсенбаева

«Мама Проға» келгенге дейін арман-мақсатымды іске асырудың жолын таппай жүрдім. Ал бұл жоба маған оңтайлы әдіс-тәсілін үйретіп, жаңа мүмкіндік сыйлады. Бар болғаны екі ай ішінде көп нәрсені меңгердік. Сұранысқа ие бухгалтерлік есеп, копирайтинг, жобаларды презентациялау тәрізді салалар бойынша сабақ алдық. Табысты кәсіпкерлер тәжірибелерін бөлісті. Жоба басшылары да бізге позитив көңіл-күй сыйлап, қолдау көрсете білді.

Бизнес-жоспарды қалай құру керегін де білмеген едім. Көп уақыт бойы ойша жоспарлап, армандап қана жүрдім. Алайда алған бетімнен қайтпайтын қасиетімнің арқасында арманым ақиқатқа айналды. Қазір менің үлкен түрлі шай үрлерін сататын дүкенім бар.

#Мамапро

#НазираБурханова

2
0
529

Осы тақырып бойынша