Мазмұнға өту
Обложка сообщества Общество

Қазақстанда күн сайын 400 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда күн сайын 400 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды екен. Расымен де, бүгінде отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды. Ол дұрыс емес. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған.

Зорлық-зомбылық – азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі. Түрлі тәсілдермен ұрып-соғу, дене жарақатын салу, азаптау (азапқа салу және денсаулыққа зиян келтіру); адам психикасына әсер етіп (жүйкесінің тозуы немесе тіпті жынданып кетуін тудыруы мүмкін) қорқыту, тәнге жарақат салу, тағы басқалары.

«Отбасы – шағын мемлекет» деген сөз оның қоғамдағы алар орнына қарай айтылса керек. Осы бір ғибратты сөз босағаның берік, шаңырақтың биік болуын, халық санының көбейіп, қоғам байлығының еселеп артуына өзіндік ықпал ететіндігін көрсетеді. Өкінішке қарай, түрлі жағдайларға байланысты шаңырақтың шайқалып, бейкүнә сәбилердің жаутаңкөзге айналып жататын кездері де аз емес. Әрине, берекесі мен бірлігі жоқ, күнде айқай-шу болатын үйде зорлық-зомбылықтың болатыны белгілі. «Тәрбие тал бесіктен басталады» десек, отбасындағы ұрпақ тәрбиесі еш уақытта қоғамды бей-жай қалдырған емес.

Тұрмыстық зомбылықта көбіне зардап шегетіндер – әйелдер мен жас балалар. Бала үшін ата-анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі. Балаларға, әсіресе кішкентайларға және әйелдерге зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды. Дөрекілік, балаға күш көрсету, олардың бағдарын өзгерту, зорлық-зомбылықты, сайып келгенде қылмысты тудырады. Ол өз-өзіне қол жұмсауға алып  келуі мүмкін.

Осы ретте, күні кеше Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен Social project management орталығы “Аяулы жан” жобасы бойынша “Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестегі өзекті мәселелер” тақырында конференция өткізген болатын.

Шараға Алматы қаласынында білім ашып жатқан колледж студенттер қатысты. Қатысушылар түрлі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты өз ойларын ашық айтып, сұрақтар қою арқылы белсенділік танытты.

Шара барысында түрлі сала мамандары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа аып келетін мәселелер төңірігенде ой өрбітті. Сонымен қатар, қаржылық сауаттылық, ата-анамен баланың ашық сөйлесуі, адамның жеке құқықтары сияқты да мәселелер кеңінен талқыланды.

Әдеттегідей мәселе тек қана айтылып қана қоймай, мәселені шешу жолы ретәнде тәжірибелі заңгерлер тарапынан әйелдерді қорғайтын қор ашу туралы ұсыныс айтылды.

P.S. Қоғамда өмір сүріп отырған әрбір азамат зорлық-зомбылыққа жол бермеу керек. Жалпы, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Сөз соңында, өз-өзіңізге және жақындарыңызға жанашыр болыңыз дегім келеді.

#АлматықаласыҚоғамдықдамубасқармасы

#Socialprojectmanagementорталығы

#Аяулыжанжобасы

0
0
468

Осы тақырып бойынша