Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Әке мен бала туралы аңыз

Ертеде, қазақ елі жауымен шабысып жұрген кезі екен. Сол кезде билікте болған қазақтың ханы елімен ақылдасу үшін жиналыс жариялаған.

Нұкерлерімен қоршалған хан, төбедегі дөңес жерде құрылған шатырына жетеді. Аттан түсіп, жылқының ұздесін тізгіншісіне беріп төрге аяқ басады.

Оюлы текемет-кілемнің екі жағында, ханды қарсы алып, тік тұрған әміршілері, қолбасылары, сүлтандары, уәзірлері. Олар оң қолын жұрегіне басып, бас изеп, ханмен амандасып жатыр. Хан олармен көзімен амандасып, отыратын тақ жағына келе жатыр.

Қолбасшыларының арасында тұрған өз баласын көреді.

Баласы мұрты жаңа біткен жас жігіт. Жас болсада қоласындағы әскери қолын айтарлықтай біліктілікпен басқарып елдің оң көзіне түскен жігіт.

Ерекше айламен, әскери қулықпен жауды алдап жеңіске жетіп жұрген жас қолбасшы. Қоласындағы сарбаздарды босқа шығынға бермей, елдің ауызына ілініп, аңыз болып келе жатқан, болашағы бар батыр.

Хан өз баласына қуанышпен және қызғаныш сезіммен қарайды.

Келіп сағынған баласын жартылай құшақтап қатал сұрақ қояды:

- Сен екеумізді салыстырғанда, кім мықты болады? – дейді хан.

- Әрине мен, әке – деп баласы ойланбай жауап қайтарады. Бұл әңгімені естіп тұрған, ханның қатал мінезін білетін елдің денесі тітіркеніп, оқиғаның жалғасын ұрей сезіммен күтеді. Хан үн қатпай, біраз уақыттан кейін сұрағын қайтадан қояды:

- Балам, сен тереңнен ойлан. Сен екеумізді салыстырғанда, кім мықты болады? – дейді қайтадан хан.

- Әрине мен, әке – деп баласы қайтадан жауап қайтарады.

Хан біраз ойланады да отыратын тақ жағына бағытын жалғастырады. Орта жолда хан оқыс тоқатап бұрылады да, баласына:

- Сонымен сен мықты болганың ғой? – деп сұрағын хан қайта қояды.

- Жоқ әке, сіз мықтысыңыз, – деп баласы жауабын қайтарады.

- Жаңа ғана өзіңді мықтымын деп тұр едің, үстамыңнан қайтқаның ба? – деп әкесі сұрақ қояды.

- Жоқ әке, үстанымнан қайтқан жоқпын, – деп баласы жауап береді, – Сізді әкеңіздің аруағы және қазақ елі хан ретінде қолдайды. Ал сіз бағана менің жаурыныма қолыңызды қойып мені қолдап тұрдыңыз. Әкем мені солай қолдаған кезді, Әлемде менен мықты адам бола алмайды. Ал сіз мені қолдаған қолыңызды жауырынымнан алғанда сіз бағанағы айтылған қасиеттеріңізбен мықты болдыңыз әке – деп жауап қайтарыпты баласы.

Осы аңыздың тұжырымы былай болайын деп тұр:

- Айналайын әкелер, жаңа ғана түсау кесілген баларыңнан бастап, жасөспірім жасына жеткен, сақа жігіт болған, отбасы ағасы әлде ел ағасы жасына жеткен балаларың болсада, олардың оң қадамын әрқашан қолдап отырыңдар. Сонда елімізде мықты, жігерлі жігіттер пайда болады, сонда еліміз, ұлытымыз көтеріліп, көгеріп өркені өседі.

0
0
285

Осы тақырып бойынша