"Алғыс айту күні" тойланды
Жетісу облысының әкімдігінің ұйымдастыруымен «Игі істер марафоны» аясында 1 Наурыз – Алғыс айту күніне орай жұмысшы мамадық иелерін құттықтау шарасы өтті. Бұл шара барысында жұмысшылар өздерінің еңбектері мен жанқиярлық қызметтері үшін алғыстарын білдіріп, олардың қоғамға қосқан үлесі ерекше атап өтілді. Алғыс айту күні – адамдардың бір-біріне шынайы ризашылықтарын білдіру, олардың күнделікті еңбегін бағалау және құрмет көрсету үшін жақсы мүмкіндік болып табылады.

Іс-шара барасында еңбек адамдарының қоғамдағы рөлі мен маңыздылығы атап өтіліп, жұмысша мамандығында еңбек етіп жүрген 30 – шақты аға – апайларымыздан блиц-сауалнама алынып, мерекелік сыйлықтар табыс етілді.
Бұл күн – қарапайым еңбек адамдарына, ұзтаздарға, дәрігерлерге, құрлысшыларға, ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне және еліміздің дамуына өз үлесін қосып жүрген барша азаматтарға алғыс білдірудің тамаша мүмкіндігі. Мерекелік шара барасында әр сала мамандары өз алғыстарын білдірді.

Шара барысында жұмысшылар өздерінің шын жүректен алғыстарын білдіріп, ұйымдастырушыларға және өз әріптестеріне ризашылықтарын айтты. Көптеген жұмысшылар өздерінің күнделікті жұмыстарының маңыздылығын атап өтіп, өздеріне көрсетілген құрмет пен қолдауды жоғары бағалады. «Біз үшін осындай күндер өте маңызды, себебі біз қоғамға қызмет етіп, оның дамуына үлес қосып жатырмыз. Осындай шаралар бізді ынталандырады және жұмысымызға жаңа күш береді», — деп айтты.

Ал кейбір жұмысшылар: «Біз үшін ең бастысы — біздің еңбегіміздің бағалануы. Бүгінгі шараның өзі бізге үлкен рухани көмек көрсетіп, алдағы уақытта жақсы нәтижелерге жетуге деген сенімімізді арттырады», — деп өз ойларымен бөлісті. Шара барысында олардың алғыс сөздері қоғамдағы жұмысшы мамандықтарының құндылығы мен маңызды екенін көрсетіп, әрбір адамның еңбегін бағалаудың маңыздылығын тағы бір рет есімізге салды.
Атап өтсек мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар» жылы деп жариялады.

Алғыс айту күні – ел бірлігін нығайтып, өзара сыйластық пен татулықты дәріптейтін маңызды мерекелердің бірі.
