Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Астанада балаларға ең жиі қойылатын есімдер белгілі болды

2017 жылы Айзере есімі 405 астаналық қызға қойылған. Екінші орында Айлин есімі, бұл есіммен 354 қызды атаса, одан кейінгі орынды Амина есімі алған, 353 рет қойылған. Өзге де жиі қойылған есімдер қатарына Айару, Айша, Раяна, Аяла, Каусар, Медина, Дария, Адия, Айсана, Інжу, Айым және Томирис есімдері енді.

Ұл балалар арасында үздік үштікке Әлихан, Әмір және Әли есімдері енді. Осы есімдермен өткен жылда сәйкесінше, 328, 255 және 222 бала аталған. Сонымен қатар, жиі қойылған ұл балалар есімі арасында, Айсұлтан, Санжар, Алдияр, Ерасыл, Арлан, Арсен, Нұрислам, Алан, Мансур, Рамазан, Мирас және Алинур есімдері бар.

Сонымен қатар, елде болып жатқан маңызды оқиғаларға қатысты балаларды атау салты да сақталған, мәселен, EXPO-2017 халықаралық көрмесіне байланысты «Есіл» ауданында Бәйдiбэкспо есімі тіркелген.

Өткен жылы «Есіл», «Сарыарқа», «Алматы» аудандарының статистикасы бойынша елордада 34 087 нәресте дүниеге келген, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 2031 балаға көп.

0
0
267

Осы тақырып бойынша

Астанада балаларға ең жиі қойылатын есімдер белгілі болды - Yvision.kz