Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Ата-аналар Қостанай облысындағы мектептің суықтығына шағымданды

Ата-аналар Қарабалық ауданының Михайловский орта мектебі өте суық екенін айтып дабыл қағуда. Олар оқушылардың сабақта сыртқы киімде отыратыны айтуда. Ата-аналардың айткуынша, мектепте ауа температурасы +2 +13 градус. Және бұл жағдай бірінші рет орын алып жатқан жоқ. Жыл сайын қайталанып, шешімін табар емес. Балалар жиі ауырады. Қатты суық болғандықтан сабақ ұзақтығы 30-минутқа қысқартылған. Балалардың айтуынша, бұндай жағдайда сабақ оқу да қиын. «Көптеген сабақтар жазылмайды. Орындықтар өте суық. Оған отыруға өте суық! Мектепте суық, аяқ-қолың - бәрі қатып қалады. Кейбір сыныптарда тіпті отыруға болмайды. Асханада аузынан бу шығады », - дейді балалар.

Қарабалық ауданы Михайловский орта мектебінің директоры Татьяна Обухованың айтуынша, бұл мәселе бірнеше жылдан бері жалғасуда. 90-шы жылдарда онда от жағатын орын болған. Одан кейін, төтенше жағдайлар талаптарына сай болмағандықтан ол жобылған. «Содан кейін «Сана-Агро» ЖШС кәсіпорнына тәуелді болдық. Ол бізді жылумен қамтамасыз ете бастады. Температура режимі үнемі төмен болды, бірақ биылғы жылы өте суық. Өткен жылдарда ауа температурасы + 17 + 19 болса, биыл + 2 + 13 градус болды. Балалар үшін технологиялық сабақ өткізілетін цехтарда ең төменгі температура байқалуда. Қазаннан бастап 96 оқушыдан 75-і суық тиіп ауырды. Олардың ішінде бірнеше рет қайталана ауырған балалар бар. Бүгін әкіммен ашық сағат болды. Мектепті екі апта бойы қадағалауға шешім қабылданды. ЖШС мектепті от жаққандағы темературадан кем дегенде 70% сақтайтындай дәрежеде ұстап тұру керек», - деді мектеп директоры. Өткен жылы мектеп жылыту жүйесін толығымен өзгертті. Мектеп директорының айтуынша, 2018 жылы модельді қазандық орнату жоспарланып отыр.

0
0
244

Осы тақырып бойынша

Ата-аналар Қостанай облысындағы мектептің суықтығына шағымданды - Yvision.kz