Ауғанстанда топан су басу салдарынан 300-ден аса адам қаза тапты
Ауғанстанда су тасқынынан 315 адам қаза тапты.
Фото: 112.ua
1600-ден аса адам жараланған. Бұл туралы Бағлан провинциясының әкімшілігі хабарлады.
Мыңдаған үй қирап, мыңдаған малды су алып кеткен. Жергілікті тұрғындар азық-түліксіз, баспанасыз қалғандарына айтып, шағымданып жатыр.
ЮНИСЕФ мәліметі бойынша, қаза тапқандардың 51-і - балалар.
