Қазақстанда 9 мың сайт бұғатталды
«Өткен жылы лаңкестік, экстремизм, зорлық-зомбылық және өзіне-өзі қол жұмсауға итермелейтін тоғыз мыңға жуық веб-сайт жабылды, 230 мыңдай материалдар жойылды», - деді министр.
Министр 2017 жылы Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингінде 137 елдің ішінен 36-орынды иемденіп, интернет-пайдаланушылар саны бойынша бес пунктке көтерілгенін атап өтті.
Интернетті пайдаланушылар саны жалпы халық санының 77 пайызын құрады (2016 жылға қарағанда 4 пайызға өскен). Министрдің пікірінше, 2018 жылға жоспарда желі пайдаланушылары үлесін 78 пайызға дейін арттыру.
