Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Қазақстаннан білікті мамандар кетуде

2017 жылы елден 37,7 мың адам кеткен. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 25,3% -ға көп, ол кезде елден30,1 мың адам кеткен еді. Көптеген қазақстандықтар ТМД елдеріне кеткен - 33,7 мың, басқа елдерге - 4 мың адам.

Қазақстаннан кеткен білікті мамандардың үлесі 54% -ды немесе 20,4 мың адамды құрады, бұл кәсіби мамандардың кетуі 17,4 мың адамды құраған 2015 жылға қарағанда 17% -ға артық.

Қазақстанға 16,1 мың адам ғана (ТМД-дан 11,6 мың адам, басқа елдерден 4,5 мың) келген, бұл 2015 жылға қарағанда 3,5 пайызға аз (16,7 мың адам).

Сонде елге келген адамдар мен кеткен адамдар айырмашылығы 21,6 мың адамды құрады, 2015 жылы - 13,4 мың адамды құрады.

Елге келген білікті кадрлар 2017 жылы 5,8 мың адамға жетті, бұл 2015 жылға қарағанда 15% -ға аз. Олардың үлесі Қазақстанға келушілердің жалпы санының 36%, 2015 жылы - 40,9%.

Негізінен елімізден техникалық мамандық иелірі - 6,6 мың адам, экономисттер - 3,6 мың адам және педагогтар - 2,3 мың адам кеткен.

Орнына 1,3 мың техникалық маман иелері, 841 экономист және 718 педагог келген.

Дәл осы үш сала бойынша миграция сальдосы теріс көрсеткішті, яғни, елден кеткен мамандар орнын келген мамандар толықтырмайды.

0
0
393

Осы тақырып бойынша