Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

БАӘ-не барар алдында білуіңіз керек мәліметтер

Дипломаттың айтуынша, бұл мәліметтерді білу сапар кезінде жағымсыз жағдайлардан аулақ болуға септігін тигізеді.

«Сіздер білетіндей, 2018 жылдың 10 наурызынан бастап Қазақстан азаматтары үшін Әмірліктеріне визасыз режим ашылады. Осыған байланысты сіздерге БАӘ-ге сапары кезінде білу және ұстану қажет жалпы ережелер мен практикалық ұсыныстармен таныс болып, оларды ұстануды сұраймыз», - деп жазды елші.

Дипломат жол жүру құжаттарының жарамдылығын тексеруді ұсынады, паспорттың жарамдылығы сапар аяқталғаннан кейін алты айдан аз уақытқа болмауы тиіс.

«Шекарадан өту кезінде Қазақстанның барлық азаматтары жеке паспорты бар және жалпы режимде паспорттық бақылаудан өтуі керек. Сонымен қатар БАӘ-нің ішкі заңнамасына сәйкес ата-аналарымен (қорғаншыларымен) бірге Әмірліктерге бара жатқан балалар шекараны кесіп өту кезінде өздерінің төлқұжаттарымен, ата-аналарының паспортында жазылған балалардың шекарадан өтуіне тыйым салынатынын ескертеміз», - деп түсіндірді Лама Шариф.

30 күннен кейін Қазақстан азаматтары БАӘ аумағынан кету керек.

«Келу мерзімін бұзған жағдайда, жергілікті заңнама бірінші күні 200 дихрам әкімшілік айыппұлын және әрбір келесі күн үшін 100 дихрам мөлшерінде қарастырады. Әмірліктер аумағында жқмыс істеу, егер резиденттің визасы немесе жұмыс визасы болған жағдайда ғана мүмкін болады », - делінген хабарламада.

Визасыз тәртіпте коммерциялық және еңбек қызметін жүзеге асыруға қатаң тыйым салынады.

«Егер Біріккен Араб Әмірліктерінің Еңбек және көші-қон туралы заңына сәйкес заңсыз еңбек қызметі анықталса, қызметкер мен жұмыс берушіге әкімшілік айыппұл салынады және бір жылдан алты айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру кейіннен депортациялауға болады», - деп ескертті Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшісі.

Айта кету керек, қазақстандық әйелдер ерлерінсіз Біріккен Араб Әмірліктеріне кіре алады.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтар үшін визасыз кіруге болатын елдер тізімін кеңейтуге ниетті.

0
0
401

Осы тақырып бойынша

БАӘ-не барар алдында білуіңіз керек мәліметтер - Yvision.kz